AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балаларға Ұлттық қордан 68 млн долларға жуық қараж...

Балаларға Ұлттық қордан 68 млн долларға жуық қаражат төленді

Әлеумет 20.08.2026, 14:18 232
Балаларға Ұлттық қордан 68 млн долларға жуық қаражат төленді

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 тамызға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде 338 252 балаға шамамен 67,8 млн доллар төленді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 142 855 азамат жалпы сомасы 36,53 млн доллар мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды.

Оның ішінде 101 472 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 25,76 млн доллар, ал 41 383 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 10,77 млн доллар аударылды.

Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды.

Еске салайық, нысаналы жинақтарын алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру.

Осы мақсат бойынша 100 091 алушыға жалпы сомасы 25,34 млн долларды құрайтын төлемдер жүзеге асырылды.

Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Осы бағыт бойынша 39 060 азаматқа жалпы сомасы шамамен 10,18 млн долларды құрайтын төлемдер жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір балаға 130,71 доллар кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 доллар, 2023 жылы – 100,52 доллар мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық қор - балаларға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Бүгін 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Бүгін 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Бүгін 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Бүгін 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Бүгін 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);