AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / В вирустық гепатиті: өмірдің алғашқы тәулігінде са...

В вирустық гепатиті: өмірдің алғашқы тәулігінде салынатын екпе неліктен аса маңызды?

Медицина Бүгін 16:17 68
В вирустық гепатиті: өмірдің алғашқы тәулігінде салынатын екпе неліктен аса маңызды?

Вакцинациядан бас тарту баланы болашақта ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы және өзге де сұрақтарымызға Алматының №28 қалалық емханасының Даму және ерте араласу орталығы бөлімшесінің меңгерушісі Зарина Серікқызы жауап берді.

– В вирустық гепатитінің негізгі қаупі неде екенін айтып берсеңіз?

– В вирустық гепатиті – бауыр жасушаларын зақымдайтын жұқпалы ауру. Оның негізгі қауіптілігі – жұқпалылығының жоғары болуы және сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті.

Ересектерде ауру көбінесе жедел түрде өтсе, ерте жаста инфекция жұқтырған балаларда оның созылмалы түрге ауысу қаупі жоғары болады. Уақыт өте келе созылмалы В гепатиті бауыр циррозы мен бауыр обыры сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

– Бұл вирус қалай жұғады? Көпшілік тек қан арқылы немесе медициналық мекемелерде ғана жұғады деп ойлайды.

– Вирус негізінен қан және басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы беріледі. Сонымен қатар, ортақ ұстара, тіс щеткасы сияқты жеке гигиена заттарын пайдаланғанда, сондай-ақ зарарсыздандырылмаған құралдармен татуировка немесе пирсинг жасатқанда жұғу қаупі бар. Тағы бір маңызды жұғу жолы – босану кезінде инфекция жұқтырған анадан балаға берілуі.

– Сондықтан елімізде В гепатитіне қарсы алғашқы екпе перзентханада жасала ма? Ата-аналардың жаңа туған нәрестеге бұл екпе ауырлық етпей ме деп алаңдайтыны да бар.

– Дұрыс айтасыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, В гепатитіне қарсы вакцинаның алғашқы дозасы бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 12–24 сағат ішінде, ал келесі дозалары 2 және 4 айлығында егу күнтізбесіне сәйкес салынады.

Өмірдің алғашқы тәулігінде вакцинация жүргізудің маңызы зор. Себебі ол нәрестені босану кезінде болуы мүмкін инфекция жұқтыру қаупінен қорғауға көмектеседі. Қазіргі заманғы вакцина рекомбинантты болып табылады, құрамында тірі вирус жоқ және ауру тудырмайды. Ол баланың иммундық жүйесінде вирусқа қарсы қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі.

– Балалар бұл екпені қалай көтереді және қандай қарсы көрсетілімдері бар?

– Көп жағдайда вакцина жақсы көтерімді. Кейде екпе салынған жерде аздап қызару, ауырсыну немесе дене температурасының қысқа мерзімге көтерілуі мүмкін. Вакцинация алдында баланы міндетті түрде медицина қызметкері тексереді. Жедел аурулар немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде екпе уақытша кейінге қалдырылуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдерді дәрігер әр балаға жеке анықтайды.

– Ал бала кезінде екпе алмаған ересектерге вакцинация жасау керек пе?

– Әрине, қажет. Бұрын вакцина алмаған ересектерге де В гепатитіне қарсы вакцинация ұсынылады. Әсіресе медицина қызметкерлері, белгілі бір медициналық араласулар жоспарланған пациенттер және инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған тұлғалар үшін вакцинацияның маңызы зор. Толық вакцинация курсы ұзақ мерзімді иммундық қорғаныс қалыптастырады.

– Күмәнданып жүрген немесе перзентханада екпеден бас тартуды жоспарлап отырған ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Мен ата-аналарға әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпараттарға емес, ғылыми дәлелдерге және медицина мамандарының ұсынымдарына сүйенуді кеңес беремін. Вакцинациядан бас тарту баланы болашақта ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін қауіпті инфекциядан қорғанусыз қалдыруы ықтимал.

Вакцинация – В вирустық гепатитінің алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Баланың денсаулығына қамқорлық өмірінің алғашқы күндерінен басталады. Уақытылы вакцина алу – оның жарқын әрі салауатты болашағына жасалған маңызды қадам.

Сұхбаттасқан Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды «12 месяцев» кешеніндегі тұрғындардың шағымдарын бақылауға алды

Бүгін 17:33

Алматыда жедел жәрдем және емханалардың мобильді бригадаларына 468 смарт-бейнежетон табысталды

Бүгін 17:12

Олжас Бектенов Ақтөбе облысының өңдеу өнеркәсібінің дамуымен танысты

Бүгін 16:45

Қазақстанда шетелдік университеттердің жаңа кампустары ашылады

Бүгін 16:31

Олжас Бектенов Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын тексерді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);