конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балаларға – мейірім

Балаларға – мейірім

Әлеумет 27.12.2025, 12:33 674 yakiya
Балаларға – мейірім
ҚазҰМУ

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Болат Ибрагимұлының бастамасымен «Ақсай» балалар ауруханасының кішкентай пациенттері жаңа жылдық сыйлықтар мен шаттыққа бөленді.

Жаңа жыл қарсаңында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Республикалық клиникалық «Ақсай» балалар ауруханасында кішкентай науқастарға арналған ерекше, жылы да шынайы жаңа жылдық шара өтті. Алматы қаласы мәслихатының депутаты Болат Ибрагимұлының бастамасымен емделіп жатқан балаларға сыйлықтар әзірленіп, мерекелік бағдарлама мен аниматорлардың қойылымдары ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.

Отыздан астам бала жаңа жылдық сыйлықтар мен жылы тілектер алды. «AMANAT» партиясының еріктілері мен аниматорлар ойындар, әзіл-қалжың және көңілді қойылымдар ұсынып, балалардың жүзінде шынайы күлкі мен қуаныш сыйлай алды. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай шаралар балаларға ем-шаралардан бір сәт назарын бөліп, эмоционалдық қолдау береді.

Еске сала кетейік, «Ақсай» ауруханасы – орталық жүйке жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары, эндокринологиялық және тұқым қуалайтын дерттері бар балаларға көмек көрсететін көпсалалы медициналық мекеме. Мұнда күн сайын үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты талап ететін маңызды жұмыс – емдеу, оңалту және балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету жүзеге асырылады.

«Кішкентай ғана көңіл мен мейірімнің өзі балаға үміт пен қуаныш сыйлай алады. Мен үшін бұл балалардың өздерін жалғыз емес, жанында сенетін әрі қолдайтын адамдар бар екенін сезінуі маңызды. Дәрігерлер мен аурухана ұжымына жанқияр еңбектері мен адами жылулығы үшін шын жүректен алғыс айтамын»,- деді Болат Ибрагимұлы.

Осындай игі бастамалар балаларға мереке атмосферасын сезінуге мүмкіндік беріп, емделу кезеңінде де жанында жылулық пен қамқорлық бар екенін еске салады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Ақсай» ауруханасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан Шанхайға дейін: Алматы музейі екі мегаполисті мәдениет арқылы тоғыстырды

Бүгін 09:33

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Кеше 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Кеше 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Кеше 19:26

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Кеше 18:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);