AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге арта...

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Спорт 16.03.2026, 19:52 305 yakiya
Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжатта балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесіне көшіру қарастырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру жүйесін жаңғыртуға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеген болатын.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін арттырады. Мысалы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыны дайындауға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Ал қазіргі таңда сметалық қаржыландыру жүйесінде бұл көрсеткіш шамамен 233 мың теңгені құрайды.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданатын отырған жалғыз мемлекеттік орган. Сондықтан саланы басқару тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу жоспарланған еді.

Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығындар Республикалық бюджеттік комиссия қолдады, сондықтан қосымша қаражат жергілікті бюджет есебінен қарастырылады.

Елдегі барлық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесі биылдан бастап енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Бүгін 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика