AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде...

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Әлеумет Бүгін 14:14 34
Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда
Сурет: Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігі

20 наурыз күні Баку қаласының орталығындағы Теңіз жағалауында көктем мен жаңару мерекесі Наурызға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті.

Мерекені ұйымдастырған — Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігі және BI Group құрылыс холдингі. Ашылу рәсіміне Елшілер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Баку жұртшылығы және Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар қатысты.



Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Наурызды Каспий теңізі жағалауында атап өтудің бауырлас екі халық арасындағы мәдени және тарихи байланыстардың символына айналғанын атап өтті. Дипломат биыл тұспа-тұс келген Наурыз бен Ораза айттың түркі әлеміне ортақ құндылық екеніне назар аударды. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар Әзербайжан тұрғындарына Қазақстанның дәстүрлері мен заманауи жетістіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Елші Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы, сондай-ақ күллі түркі әлеміндегі қарым-қатынастарда жаңару, бірлік пен ынтымақтастық рухының үстем екенін атап өтті.

Қонақтарды сондай-ақ BI Group компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі Әмір Амангелдинов құттықтап, бұл іс-шаралардың Баку қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы ұйымдастырылғанын айтты.

Әзербайжандықтардың 20-22 наурыз аралығында Қазақстанның этномәдени мұрасымен танысуға мүмкіндігі бар. Мерекелік бағдарлама белгілі әртістердің, фольклорлық ансамбльдердің, балалар би ұжымдарының өнерін, қазақ және әзербайжан музыкасының үздік үлгілерін қамтыды.

Ерекше қызығушылық тудырған би нөмірлерінің қатарында «Қара жорға» флешмобы мен түркі халықтарын біріктіретін «Яллы» биі болды. Концерт «бұқаралық дискотекаға» айналып, Баку тұрғындары мен Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар қазақ және әзербайжан әуендеріне бірге биледі.

Интерактивті бөлім қазақ және әзербайжан тілдерінің ортақ тамырларын зерделеуге арналған танымдық байқауларды, сондай-ақ ұлттық «арқан тарту» және «асық ату» ойындарын қамтыды.

Мерекенің маңызды бөлігі ою-өрнек салу және ұлттық әшекейлер жасау сияқты мастер-класстар болды. Дәстүрлі тағамдармен танысу да көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды. Қонақтарға мерекенің нышаны саналатын тағамдар — наурыз көже, бауырсақ, палау, жент және құрт ұсынылды.

Іс-шара аясында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Атап айтқанда, Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары Баку тұрғындарына Қазақстанға әуе билеттерін ұсынды. Бұл екі ел арасындағы туристік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.

Теңіз жағалауындағы іс-шаралар 22 наурызға дейін жалғасады және, ұйымдастырушылардың айтуынша, екіжақты мәдени диалогты нығайту жолындағы маңызды белеске айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Баку
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42

«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика