конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек п...

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Мәдениет 11.07.2026, 19:01 357
«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті
gov.kz

Астанада өтіп жатқан BaiQymyz–2026 ауқымды гастрономиялық фестивалі аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Заң мен тәртіп» ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтардың және есірткі қылмысының алдын алуға бағытталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға Астана қаласының прокуратурасы, Полиция департаментінің өкілдері, еріктілер, сондай-ақ көпшілікке таныс Тәртіпбек пен Тазабек маскоттары қатысты. Олар фестиваль қонақтарымен кездесіп, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіріп, ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты.

Іс-шара барысында есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Еріктілер тұрғындарға есірткінің қауіптілігі туралы айтып, оған қарсы іс-қимыл жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың мүмкіндігін көрсететін робот-ит таныстырылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Әлия Қибатқызының айтуынша, мұндай акциялар халыққа маңызды профилактикалық ақпаратты қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, фестиваль барысында полиция, прокуратура және еріктілер бірлесіп «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттап, есірткінің зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жүргізуде. Сондай-ақ арнайы баннерлерде есірткіні тарату немесе қолдану деректері туралы хабарлауға болатын жасырын сенім телефондарының нөмірлері орналастырылған.

Акцияның тағы бір ерекшелігі – ашық микрофон алаңы. Мұнда келушілер құқықтық нормалар, қоғамдық тәртіп, есірткінің зияны және басқа да мәселелер бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға, қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланысты дамытуға ықпал етеді.

Астанада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар қала прокуратурасының үйлестіруімен мемлекеттік органдардың, еріктілер мен елорда тұрғындарының белсенді қатысуымен өткізіліп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

Бүгін 23:39

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 19:33

Тоқаев FIBA президентін қабылдады

Бүгін 18:00

Жұлдыз Сүлейменова жас педагогтермен кездесті

Бүгін 17:33

Магистратураның 1 100-ден аса гранты бос қалды

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);