Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Байерлік байыта ма?

Байерлік байыта ма?

Әлеумет 11.02.2026, 16:30 243
Байерлік байыта ма?
интернеттен
Интернет пен әлеуметтік желілердің дамуына байланысты бұрын естіп, білмеген жаңа кәсіп түрлері пайда болды. Солардың бірі – байерлік қызмет. Әсіресе Instagram, TikTok, Telegram платформаларында «байер болып айына миллион табуға болады» деген жарнамалар жиі кездеседі. 
 
Байерлік деген не?
 
Байер (ағылш. buyer – сатып алушы) – шетелдік немесе жергілікті брендтерден тауар сатып алып, оны басқа адамдарға белгілі бір үстеме бағамен қайта сататын адам. Байерлер көбінесе киім-кешек, аяқ киім, косметика, бренд сөмкелер, тұрмыстық техника сияқты сұранысқа ие тауарларды ұсынып, сатумен айналысады. Байерлік көбіне делдалдық бизнес болып саналады, яғни байер тауар өндіруші емес, сатып алушы мен  тұтынушының арасын байланыстырушы.
 
Байерлік  механизмі
 
Байер жұмысы мына кезеңдерден тұрады:
1. Клиент табу (әлеуметтік желі, мессенджер арқылы)
2. Тауарды таңдау және тапсырыс қабылдау
3. Алдын ала төлем алу
4. Тауарды шетелден немесе басқа қаладан сатып алу
5. Жеткізу және клиентке беру
 
Табыс көзі:
• тауар бағасына қосылған үстеме ақы;
• кейде жеткізу қызметінен алынатын пайыз.
 
Байерліктің қандай артықшылығы бар?
 
Бастапқы капиталдың аздығы - кей жағдайларда байер өз ақшасын салмайды, клиенттің алдын ала төлемімен жұмыс істейді.
 
Еркін жұмыс кестесі - көптеген байерлер фриланс форматында, үйден жұмыс істейді.
 
Сұраныстың жоғары болуы - әсіресе Қазақстанда шетелдік брендтердің бағасы қымбат немесе қолжетімсіз болғандықтан бренд тауарларға әрдайым қызығушылық бар.
 
Әлеуметтік желілердің әсері - Instagram мен TikTok байерлерге тегін жарнама жасауға мүмкіндік береді.
 
Байерлік шынымен байыта ма?
 
Байерліктің табыстылығы бірнеше факторға тәуелді:
 
Байердің тұрақты клиенттік базасы болса, сенімді жеткізушілермен жұмыс істесе, тауар айналымы жоғары болса, маркетинг пен жеке бренді дамыған болса баюуы мүмкін. Кейбір дереккөздерде тәжірибелі байерлердің айына 500 000 – 2 000 000 теңге аралығында табыс табатыны айтылады.
 
Алайда байерліктің кей жағдайда тапсырысы тұрақсыз, бәсекелестері өте көп, логистикаға тәуелді, валюта бағамының әсері мен алаяқтарға жолығып қалу сияқты тәуекелі бар. Жаңадан бастаған байерлер айына 100 000 – 300 000 теңгеден артық табыс таппайтынын жазады.
 
Байерлерге кездесуі мүмкін кедергілер:
 
• клиенттің сенімсіздігі;
• тауардың жоғалуы немесе кешігуі;
• қайтарым мен шағымдар;
• кедендік мәселелер;
• салық төлеу мәселесінің реттелмеуі.
 
Дәл осы факторлар байерліктің тұрақты бизнеске айналуына кедергі келтіруі мүмкін.
 
Интернеттегі курстар мен шынайы өмір
 
Әлеуметтік желідегі курстарда байерлік «жеңіл ақша көзі» ретінде көрсетіледі. Алайда тәжірибелі байерлердің пікірінше курс табысқа кепілдік бермейді, негізгі табыс тәжірибе мен таныстар, байланыс арқылы келеді, алғашқы айларда шығын болуы мүмкін.
 
Қорытынды
 
Байерлердің сөзіне сенсек, байерлік өзінен-өзі  байытпайды. Бұл кей адамдар үшін қосымша қомақты табыс көзі, ал кейбіреулер үшін толыққанды бизнес болуы мүмкін.  Табысы тұрақсыз, тәуекелі жоғары болғанымен қатар байерлік белсенді еңбек етуді талап ететін кәсіп.
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#байер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Кеше 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика