AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азаматтардың құқығын қорғау - прокурорлардың негіз...

Азаматтардың құқығын қорғау - прокурорлардың негізгі міндеті

Әлеумет 20.10.2023, 10:57 1,414
Азаматтардың құқығын қорғау - прокурорлардың негізгі міндеті
Сурет: Gov.kz

2022 жылғы 5 қарашада Ел Президенті «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңға қол қойды.


Заңның негізгі мақсаты - прокуратураның құқық қорғау қызметін күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайту.


Конституциялық заң бойынша мемлекеттік органдар шағымдарды жауапсыз қалдырса немесе осыған жауап беретін уәкілетті орган болмаған жағдайда прокуратура әрекет етіп, тиісті шаралар қолдануға міндетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс жүзінде заң аясында азаматтардың құқықтары қалай қорғалады? Бұл жөнінде Медеу ауданының прокуроры Оңдасын Абылайхан Оңдасынұлы былай дейді:


«Бір жылға жуық уақыт бойы біз конституциялық мәртебеге ие жаңа заңға сәйкес қызмет атқарып келеміз. Азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауда жауапкершілік күшейді.
Күші жойылған «Прокуратура туралы» Заң бойынша біз тек өзін-өзі қорғай алмайтын адамдардың өтініштерін қарадық. Бұл - мүгедектер, психикалық ауытқулары бар адамдар және басқалар.


Енді қандай да бір мемлекеттік орган әрекетсіздік танытып, шағым бойынша жұмысты қолға алмаса немесе уәкілетті орган болмаған жағдайда, прокурорлар азаматтардың осындай өтініштері бойынша әрекет етуге құқылы.
Қызметте біз заңның осы нормасының тиімділігін көреміз.
Мәселен, биылғы 9 айда Медеу ауданының прокуратурасына 38 азамат түрлі мемлекеттік органдардың әрекетсіздігіне қатысты жүгінді. 7 өтініш бойынша дәлелдер расталды, сондықтан азаматтардың мүдделері үшін біз қадағалау актілерін енгізіп, олардың құқықтарын қалпына келтірдік.
Бұл мемлекеттік органдар өтініш берушілерге тексеру жүргізуден бас тартқан, азаматтарды заңсыз жауапқа тартқан және т.б. фактілер.


Адамдар бізге олардың құқықтарын қорғайтын уәкілетті орган болмағандықтан жүгінген жағдайларды бөлек атап өткім келеді.
2023 жылдың мамыр айында біздің ауданымыздың Есенов көшесіндегі үйдің жанында тұрақта тұрған көлікке ағаш құлап, меншік иесіне 8 млн теңгеге залал келтірді.
Көлік иесі сотқа жүгінді, ол ПИК-ті зиянды өтеуге міндеттеді. ПИК-тің мұндай орасан зор қаражаты жоқ және сот шешімінің кейіннен орындалуы ПИК шоттарына тыйым салуға және 500-ден астам адам тұратын үйлердің тұрғындарынан соманы өндіріп алуға әкелуі мүмкін. Тұрғындардың көпшілігі зейнеткерлер және әлеуметтік осал санаттағы адамдар.
Кооперативте адвокат болмаған, сондықтан төраға сотқа жүгіну үшін өз қорғауына дәлелдемелерді жинап, нақты мән-жайларды анықтай алмады.
Сондықтан тұрғындар бізге жүгінді. Біз ағаштың құлауына ПИК-тің қатысы бар-жоғын тексердік және ПИК-тің кінәсі жоқ екенін анықтадық. Сот шешіміне наразылық енгізілді, ол толығымен қанағаттандырылды, ПИК төлемнен босатылды.


Тағы бір мысал. Бізге аудан ауруханаларының бірінің іс-әрекетіне жеке кәсіпкер жүгінді. Ол медициналық мекемемен келісім-шарт жасасты, тауар уақытында жеткізілді, бірақ тапсырыс беруші төлемді себепсіз кешіктірді. Салдарынан кәсіпкер шығынға ұшырады. Мемлекеттік органдар өтініш берушіге сотқа жүгінуді ұсынды. ЖК-нің шағымы бойынша біз төлемнен бас тартудың заңсыз екенін анықтадық, ұсыну енгіздік, келесі күні өтініш беруші қаражатын алды, аурухананың кінәлі қызметкерлері жазаланды.
Бұл жағдайларда прокурорлар уәкілетті органның болмауына байланысты азаматтар мен кәсіпкердің құқықтарын қорғаған айқын мысал.


Осылайша, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде біздің жауапкершілігімізді күшейту азаматтардың құқықтарын қорғауға оң әсер етеді деп айта аламыз.  
Қорытындылай келе, құқықтар бұзылған жағдайда адамдар прокуратура органдарына, оның ішінде кезекші прокурордың  8-707-735-98-55 телефонына жүгіне алатынын тағы да еске салғым келеді».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азаматтар құқығы #прокуратура #Медеу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика