Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Автоөндірістегі рекорд: Қазақстанда 171 мыңнан аст...

Автоөндірістегі рекорд: Қазақстанда 171 мыңнан астам көлік шығарылды

Әлеумет 17.02.2026, 11:33 186
Автоөндірістегі рекорд: Қазақстанда 171 мыңнан астам көлік шығарылды
Сурет: telegram.org/k/#@KZgovernment

Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында республикадағы автомобиль өнеркәсібінің дамуы туралы баяндады.

Ол автомобиль өндірісі өткен жылы рекордтық өсім көрсетіп, машина жасау секторының 41,7%-ын құрағанын атап өтті. 171 мыңнан астам көлік шығарылды, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер. Екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, олар – Chery, Haval, Changan брендтері бар Алматыдағы мультибренд зауыты және Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты.

- Осындай зауыттардың іске қосылуы автокомпоненттер өндірісін локализациялауға серпін беріп отыр. Мысалы, өткен жылы Алматы индустриялық аймағында автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Онда автокөліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар өндіріледі, — деді Ерсайын Нағаспаев.

Саран қаласында «Tengri Tyres» зауытында автомобиль шиналары шығарылуда. Қостанайдағы «KamLitKZ» зауытында шойын құятын заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланатын шойын құю өндірісі іске қосылды. Сонымен қатар «Allur» компаниясы автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығының құрылысына кірісті. Одан бөлек алдағы үш жылда ­– жылыту және кондиционерлеу жүйелері, тежегіш, салон мен еденге арналған пластикалық бөлшектер сияқты автокомпоненттерді локализациялау бойынша жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автоөндіріс #Қазақстан #локализациялау орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика