AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауылдарда 700 жаңа медицина нысаны салынады

Ауылдарда 700 жаңа медицина нысаны салынады

Әлеумет 12.12.2022, 08:29 1,043
Ауылдарда 700 жаңа медицина нысаны салынады
Сурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысы Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасының орындалмауына тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іс жүзінде оның 31-і ғана іске қосылды. Сол сияқты 7 құс фабрикасының орнына 3 фабрика салынды. Балық өндіретін 11 жобаның жетеуі ғана пайдалануға берілді.


Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті», - деді Президент.



Президент келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаның басталатынын айтты. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды.



«Сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік салада өзгерістер болады. Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін арнайы жоба қолға алынады. Шамамен 700 жаңа медицина нысаны салынады. Көп салалы 32 аудандық ауруханада жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осының бәріне 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.


Жалпы, аймақтарда инфрақұрылымға қатысты мәселелер аз емес. Тұрғын үй тапшылығы, жылу, энергия және су желілерінің ескіргені, жолдардың тозып тұрғаны баршаға мәлім. Бүгінгі басқосуға облыс әкімдері қатысып отыр. Жаңадан тағайындалған басшылар да бар. Сіздерге сенім артамыз. Әр аймақты тұрмыс сапасы жоғары «қуатты өңірге» айналдыру үшін зор мүмкіндік беріліп отыр. Табанды жұмыс істеу қажет», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #медицина #нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);