Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / AUYL SPORT: ҮСТЕЛ ТЕННИСІ АУЫЛДАРДА ТЕГІН ЖӘНЕ ҚОЛ...

AUYL SPORT: ҮСТЕЛ ТЕННИСІ АУЫЛДАРДА ТЕГІН ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Спорт 20.03.2025, 10:39 638
AUYL SPORT: ҮСТЕЛ ТЕННИСІ АУЫЛДАРДА ТЕГІН ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ
Дода телеграм каналы

AUYL SPORT жобасы өзінің ауқымын кеңейтіп, ауылдық жерлерде жаңа спорт түрі – үстел теннисін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама Halyk қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Негізгі мақсат – ауылдық аймақтарда үстел теннисін дамыту, балаларды спортқа тарту, сондай-ақ жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру. AUYL SPORT жобасы арқылы ауыл балалары жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, өз қабілеттерін шыңдай алады. Жоба аясында тараптар әдістемелік қолдау көрсету, жарыстар мен басқа да спорттық шараларды ұйымдастыру бойынша келісімге келген. Бұл ынтымақтастық сонымен қатар қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

"Ауылдағы спортты дамыту – біздің қордың басты міндеттерінің бірі. Біз өңірлерде бұқаралық спортты қолдау мақсатында көптеген жобаларды іске асырып келеміз. AUYL SPORT жобасына үстел теннисінің қосылуы – балалар мен жасөспірімдер үшін үлкен мүмкіндік," – деп атап өтті Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Үстел теннисі – әлемдегі ең қолжетімді спорт түрлерінің бірі, өйткені ол қымбат жабдықтарды қажет етпейді және ауылдық мектептерде де ұйымдастыруға болады. Қазақстанда үстел теннисі спортын дамыту жалғасуда, ал AUYL SPORT жобасы арқылы ауыл балаларында кәсіби деңгейге жету мүмкіндігі пайда болады.

AUYL SPORT – болашақ чемпиондарға арналған алаң

2024 жылы іске қосылған AUYL SPORT жобасы ауыл балалары үшін ең ірі спорттық бастамалардың біріне айналды. Өткен жылы 200 елді мекеннен 12 000 жас спортшы өңірлік турнирлерге қатысып, финалға 17 өңірден 1 300 үздік қатысушы жетті. Жобада қазірдің өзінде бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат бар, ал 2025 жылдан бастап үстел теннисі спорт түрі қосылады.

2016 жылдан бері Halyk қоры білім беру, денсаулық сақтау және спортты дамытуға бағытталған 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

AUYL SPORT – балаларға спортқа қолжетімділік беріп, олардың мінез-құлқын қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды бастама. Бұл жоба әрбір баланың тұрғылықты жеріне қарамастан, спортпен айналысуына мүмкіндік береді және олардың тағдырын өзгертеді.

"AUYL SPORT – бұл Halyk қорының Қазақстанның болашағына салған инвестициясы. Әр баланың өз әлеуетін ашуға мүмкіндігі болуы қажет," – дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #ауыл спорты #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика