AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Әуежай, мектеп, жұмыспен қамту: аптаның айырықша к...

Әуежай, мектеп, жұмыспен қамту: аптаның айырықша көрсеткіші

Мұны білген жөн 05.09.2025, 10:25 601 Сұлу
Әуежай, мектеп, жұмыспен қамту: аптаның айырықша көрсеткіші
Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады.

Ұлттық жұмыспен қамту жоспары 73 пайызға орындалды

Үкімет мәліметінше, 3,3 млн азаматты жұмысқа орналастыру мақсатына қол жеткізу үшін 2029 жылға қарай кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық жобалардың мониторингі және цифрлық экожүйені дамытуды қоса алғанда, шаралар кешені іске қосылды. Жыл басынан бері 480 мыңға жуық адам жұмыс тапты.

Көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден аса қаражат шығарылды

2021 жылдан бастап азаматтар мен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдер кешені енгізілді.

Бұл көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден аса қаражатты шығарып, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Енгізілген шешімдердің жалпы тиімділігі 51,3 млрд теңге болды.

Кейінгі екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді

Олжас Бектенов білім беру мекемелерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты. «Келешек мектептері» жобасы аясында 310 мың орынға арналған 160 мектеп бой көтерді. 

2024-2025 жылдары барлығы 484 мың орынға арналған 340 мектеп пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін 111 мектеп салу жоспарланып отыр. 

Грант, жатақхана мен стипендия

Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 мың грант бөлінді.

Биыл 3,5 мың орынға арналған 4 жатақхана іске қосылды. Жыл аяғына дейін тағы 10 мың орындық 29 жатақхана ашу жоспарланып отыр. 

2024 жылғы қыркүйектен бастап бакалавриат студенттер шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттар шәкіртақысының мөлшері 15%-ға өсті. 

Қазақстанда жыл басынан бері нәресте өлімі 22,7 пайызға төмендеді

"Біз 2029-шы жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығын кемінде 77 жылға жеткізу мақсатына біртіндеп жақындап келеміз. Былтырдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75 жыл 4 айға жетті. Мемлекет басшысының қолдауы мен тұрақты назарының арқасында денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсартуға қол жеткізілді", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бір жыл ішінде 10 әуежайда жөндеу жұмыстары жүргізілді

Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент және Қызылордада үш жаңа жолаушылар терминалы салынды. Бұл олардың өткізу қабілетін 6,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Зайсан, Кендірлі және Қатонқарағай курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы, сондай-ақ Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн саны #Дерек #аналитика #Апта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);