AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әуе билеттері қымбаттады

Әуе билеттері қымбаттады

Әлеумет 02.05.2023, 10:34 1,415
Әуе билеттері қымбаттады
Сурет: Nur.kz

Елімізде сәуір айында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары 0,9%-ға, ақылы қызметтер 0,4%-ға өсті.




Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке гигиена құралдары 1,1%, ыдыс-аяқ 1%, тұрмыстық техника 0,9% өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап



“Азық-түлік тауарлары арасында жеміс пен көкөніс бағасы едәуір өскен, сәуірде қырыққабат 4,7%, қызанақ 4,1%, жүзім 3%, алма 2,6%, алмұрт 2,4% қымбаттаған. Бағаның өсуі күрішке – 2,7%, салқындатылған сусындарға – 2,5%, рожкилерге, ультрапастерленген сүтке – әрқайсысы 2,4%-дан, салқындатылған балыққа – 2,2%, пастерленген сүт, макарон өнімдеріне – әрқайсысы 2,1%-дан байқалды. Бұл ретте қияр – 11,4%, қарақұмық жармасы – 3,7%, күнбағыс майы 2,6%-ға арзандады”, – делінген хабарламада.



Қызмет көрсету бойынша бағалардың өсуі жолаушылар әуе көлігінде байқалды, бір айдың ішінде ұшу қызметі 17,7% қымбаттады. Бағаның жоғарылауы шаштараз бен сұлулық салондарында – 1,5%, жерлеуге байланысты салт-жора жасау қызметтерінде – 1% тіркелді. Санаторий қызметтері – 1,1%, денсаулық сақтау қызметтері 0,9% қымбаттаған.


Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Абай және Ұлытау облыстарында – әрқайсысында 1,4%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі Астана қаласында тіркелді – 0,5%.


Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары өсімі Батыс Қазақстан облысында 1,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы облысында 3%, ақылы қызметтерде Түркістан облысында 2,3%.


Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.



“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді Мемлекет басшысы.



Сондай-ақ, күні кеше Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуе билеттері #баға #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Бүгін 16:46

Алматыда 2027 жылдан бастап төмен шығарындылар аймағында пиротехника қолдануға тыйым салынады

Бүгін 16:26

“SOS” дабыл түймесі шұғыл жағдайларда көмекке келеді

Бүгін 16:07

БЖБ мен ТЖБ 5–9-сыныптарда да жойылуы мүмкін

Бүгін 16:05

Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді

Бүгін 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);