Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс...

Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды

Оқиға 06.04.2026, 09:46 100
Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды
ІІМ

Атыраудағы Қарабалиндер отбасының қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс жаңа мәліметтермен толықты. Тергеу барысында күдіктілер Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның шетелге нақты қашан кеткені және олардың қалай қолға түскені анықталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Индонезия полициясы өкілі Рикки Пурнаманың айтуынша, іздеуде жүрген екі күдікті Ломбок аралындағы қонақүйлердің бірінде жасырынған. Құқық қорғау органдары келген сәтте Сұлтан Сәрсемәлиев қашуға әрекет жасағанымен, көп ұзамай ұсталған.

Оларды ұстау операциясына Интерполдың ұлттық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметінің өкілдері қатысқан.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2025 жылғы 14 желтоқсанда Куала-Лумпурдан Бали аралына ұшып барып, кейін Ломбокқа өткен. Сол жерде ұсталғанға дейін бой тасалап жүрген.

Бұл іс 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген. Сол күні Атырау облыстық полициясына бір отбасының жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстары олардың қараша айынан бері хабарсыз кеткенін айтқан.

Іздестіру шаралары барысында 6 қаңтарда зейнеткер ерлі-зайыптының мәйіті табылып, 8 қаңтарда жер қойнына тапсырылған. Кейін қылмыстық іс адам өлтіру бабы бойынша қайта сараланып, отбасының өзге мүшелерін іздеу жалғасқан. Алайда арада көп уақыт өтпей олардың да мәйіттері табылған.

Қайғылы оқиға салдарынан 66 жастағы Мақсот Қарабалин, 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева, 35 жастағы Мирамгүл Қарабалина және 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев көз жұмған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #отбасы #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика