AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алты мыңнан астам қорғау нұсқамасы мен зардап шекк...

Алты мыңнан астам қорғау нұсқамасы мен зардап шеккендерге көмек: Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қалай күресіп жатыр?

Заң мен тəртіп Бүгін 11:28 39
Алты мыңнан астам қорғау нұсқамасы мен зардап шеккендерге көмек: Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қалай күресіп жатыр?
РСК Алматы

Жыл басынан бері Алматының дағдарыс орталықтарына 212 әйел жіберілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылық биылғы қазан айындағы қорытынды бойынша 11,9 пайызға азайған. Атап айтқанда, мұндай дерек саны 193-тен 170-ке дейін төмендеген. Отбасылық жанжалға байланысты полицияға жүгінетіндердің саны артқан. Жыл басынан бері дағдарыс орталықтарында 212 әйел көмек алыпты. Олардың 142-сі кәмелетке толмаған баласымен бірге «Жан-Сая» баспанасына орналасты.

Зардап шеккендерді қорғау мен зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеу мақсатында қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жадыра Қаңтарбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді. Кездесу «Гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясына арналды.

Спикердің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қалалық полиция жұмысының басым бағытының бірі болып қала береді. Әйелдер мен балаларды қорғауға, отбасылық жанжалды дер кезінде анықтап, құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеуге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар полиция отбасылық жанжалға қатысты өтініш пен шақырту санының артуын азаматтардың өз құқығын қорғауға жиі жүгіне бастағанының белгісі деп отыр. Алайда мұндай хабарламаның барлығының құқық бұзушылыққа қатысы жоқ. Көбіне азаматтарға құқықтық кеңес, заңнама бойынша түсіндіру мен жанжалды реттеуге көмек алады екен.

«Мұндай өтініштің көбеюі азаматтардың полицияға деген сенімінің артқанын, өз құқығын қорғауға дайын екенін көрсетеді. Біздің міндетіміз – жасалған құқық бұзушылыққа ден қоюмен ғана шектелмей, жанжалдың зорлық-зомбылыққа ұласып кетпеуіне жол бермес үшін оларды дер кезінде анықтап отыру», – деп толықтырды сөзін Жадыра Қаңтарбаева.

Құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі тетігінің бірі – заң бұзған адамдардың мінез-құлқын бақылау. Алматыда 7 551 адамға қатысты профилактикалық ықпал ету шаралары қолданылған. Атап айтқанда, 6 384 қорғау нұсқамасы шығарылып, тағы 1 167 адамға қатысты соттар мінез-құлқына ерекше талаптар белгіледі.

Бұдан бөлек, полиция 1 552 ресми ескерту жасаған. Оның ішінде 251 ескерту отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылыққа қатысты берілген. Ал ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін 167 адам заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп емдеуге жіберіліпті.

Белгіленген шектеудің сақталуына да ерекше көңіл бөлінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 461-бабы бойынша қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 326 адам жауапкершілікке тартылған. Тағы 300 адам сот белгілеген мінез-құлыққа қатысты ерекше талаптарды бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша барлығы 4 885 адам жауапқа тартылған. Былтырғы осы уақытта бұл көрсеткіш 3 815 адамды құраған болатын.

Полиция өкілінің айтуынша, зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеудің маңызы ерекше. Ол үшін кінәлі адамды жауапкершілікке тартумен шектелуге болмайды. Белгіленген тыйымның сақталуын бақылап, жеке профилактикалық жұмыс жүргізу қажет.

«Қорғау нұсқамасы мен сот белгілеген шектеулер – ең алдымен, зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар. Біздің жұмысымыз құқық бұзушыға қатысты шешім қабылданғаннан кейін аяқталмайды. Құқыққа қайшы әрекеттің қайталануына жол бермеу керек. Сондықтан мұндай адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Басты міндет – отбасылық жанжалдың қайтадан зорлық-зомбылыққа ұласуына жол бермеу», – деп түсіндірді Жадыра Қаңтарбаева.

Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – физикалық зорлық-зомбылық деректерін тергеу. Отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында дене жарақатын келтіруге байланысты тіркелген әр дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 108-1 және 109-1-баптары аясында қажетті тергеу әрекеті жүргізіледі. Бұл баптар денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіріп, ұрып-соққаны үшін жауапкершілікті көздейді. Тіркелген барлық дерек бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданған.

Зардап шеккендерді қорғау үшін қосымша құқықтық шектеу де қолданылады. Мәселен, 58 адамға қатысты мінез-құлқына ерекше талап белгіленген. Тағы 13 адамға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынған.

Қажет болған жағдайда құқық бұзушыларды оқшаулайды. Уақытша ұстау абақтысына 339 адам қамалған. Тағы 774 әкімшілік қамаққа алынған адам Алматыдағы полиция департаментінің арнаулы қабылдау орнына орналастырылған.

Жұмыстың маңызды бөлігі – қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге, әсіресе отбасында кәмелетке толмаған балалары бар азаматтарға көмек көрсету. Өтініш түскен кезде полиция қызметкерлері зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және оларға психологиялық әрі әлеуметтік қолдау көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Жыл басынан бері Алматының дағдарыс орталықтарына 212 әйел жіберілген. Олардың 142-сі кәмелетке толмаған балаларымен бірге «Жан-Сая» орталығына уақытша орналастырылған. Мұнда зардап шеккендерге қауіпсіз орта мен қиын жағдайдан шығуға қажетті кешенді көмек көрсетіледі.

«Әйел адам көмекке жүгінген кезде, әсіресе жанында балалары болса, ең алдымен олардың қауіпсіздігіне мән беріледі. Отбасылық жанжалға ден қоюмен ғана шектелмей, зардап шеккендерге қажетті қолдау алуға мүмкіндік беретін жағдай жасау маңызды. Сондықтан біз дағдарыс орталықтарымен өзара жұмыс істеп, әйелдердің психологиялық және әлеуметтік көмек алуына жәрдемдесеміз. Мұндай әрбір өтініштің артында нақты бір отбасы, кейде әйел мен баланың тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз керек», – деді Жадыра Қаңтарбаева.

Сот шешімімен 52 құқық бұзушы психокоррекция кабинетіне жіберілген. Онда олармен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының психологтары жұмыс істейді. Мұндай жұмыс мінез-құлық ұстанымын өзгертуге, агрессия деңгейін төмендетіп, жаңа отбасылық жанжалдың алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар Алматыда жедел профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жалпықалалық және республикалық акциялардан бөлек, отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған 19 жергілікті іс-шара ұйымдастырылған.

Халықты ақпараттандыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Қалада «Бізден сұраңыз», «Біз жаныңыздамыз» және басқа да акция мен кездесу өткізіліп, тұрғындарға өз құқығы мен көмек алу мүмкіндігі түсіндіріледі. Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпарат теледидар, радио, баспасөз басылымдары мен ақпараттық агенттіктер арқылы үнемі таратылады.

Жадыра Қаңтарбаеваның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің тиімділігін тек анықталған құқық бұзушылықтар немесе жауапкершілікке тартылған адамдар саны арқылы бағалауға болмайды. Ең маңыздысы – осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеу және көмекке мұқтаж адамдарға дер кезінде қолдау көрсету.

«Полиция үшін жұмыстың тиімділігін көрсететін басты өлшем – анықталған және жолы кесілген құқық бұзушылықтың саны ғана емес. Біздің негізгі міндетіміз – отбасылық жанжалды дер кезінде анықтау, олардың зорлық-зомбылыққа ұласуына жол бермеу, әйелдер мен балаларды қорғау. Әр өтініштің артында нақты бір отбасының, көбінесе қорғау мен қолдауға мұқтаж әйел мен баланың тағдыры тұрғанын түсінеміз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты мемлекеттік органдармен, дағдарыс орталықтарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп істей береміз», – деді Жадыра Қаңтарбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлерге отынды пайдалануға қатысты жаңа талаптар түсіндіріліп жатыр

Бүгін 11:49

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Бүгін 11:45

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығы тоғыз жылда 11,5 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

Бүгін 11:31

Алматы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, әйелдердің құқығын қорғауды күшейтпек

Бүгін 11:24

Алматыда медициналық қызметтерді цифрландыру мәселелері талқыланды

Бүгін 11:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);