AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Атом электр станциясының экологиялық артықшылықтар...

Атом электр станциясының экологиялық артықшылықтары талқыланды

АЭС: Референдум 16.08.2024, 10:51 1,172
Атом электр станциясының экологиялық артықшылықтары талқыланды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауларда атом электр станциясын салудың экологиялық артықшылықтары талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атом энергетикасы саласындағы жаңа жобалар Қазақстанның экологиялық және экономикалық тұрақтылығын нығайту үшін маңызды қадам болып табылады. Осыған орай Алматыда Қоғамдық кеңес пен Алматы Азаматтық альянсы бірлестігінің ұйымдастыруымен жария талқылау өтті. Қоғамдық тыңдаулар барысында атом электр станцияларының экологиялық таза энергия көзі ретіндегі артықшылықтары ерекше атап өтілді.

Сарапшылардың пікірінше, атом электр станциялары жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруіне себепші болатын көмірқышқыл газы, метан және басқа да парниктік газдардың шығарылуын болдырмайды. "Бұл олардың атмосфераға зиянын азайту және декарбонизацияға қол жеткізу үшін күресте маңызды құрал", — деп атап өтті Гүлмира Мурсалова.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова әртүрлі энергия көздерінің экологияға әсері туралы статистикалық деректерді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда көмірқышқыл газы шығарындыларының 80%-ы энергетика секторына тиесілі.

"Жасыл энергия станцияларын құру арқылы біз көмірқышқыл газының шығарындыларын 70 миллион тоннаға дейін азайта аламыз", - деді ол.

Жасыл энергия көздеріне күн, жел, су электр станциялары, сондай-ақ атом электр станциялары кіреді. Сарапшы атом электр станциясының құрылысы алдағы референдумның оң нәтижесі болған жағдайда ғана жүзеге асырылатынын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. Осыған байланысты жақын арада референдум өтеді. Алматыдағы жария тыңдаулар Қазақстанда өткізілген тыңдаулардың он тоғызыншысы болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#энергетика #Атом энергетикасы #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика