Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада сарапшылар «Отбасылық құндылықтардың құқы...

Астанада сарапшылар «Отбасылық құндылықтардың құқықтық негізі және әлеуметтік қорғау» - атты тақырыбы аясында жаңа Конституция жобасын талқылады

Әлеумет 16.02.2026, 19:26 194
Астанада сарапшылар «Отбасылық құндылықтардың құқықтық негізі және әлеуметтік қорғау» - атты тақырыбы аясында жаңа Конституция жобасын талқылады
Заңнама және құқықтық ақпарат институты

Астанада сарапшылар «Отбасылық құндылықтардың құқықтық негізі және әлеуметтік қорғау» - атты тақырыбы аясында жаңа Конституция жобасын талқылады.

 Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын кеңейтілген сараптамалық талқылаудан өткізді. Елдің жетекші құқықтанушылары, саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары Ата Заңның негізгі жаңалықтарын қарастырып, отбасы мен неке институтын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу пәнаралық диалог форматында өтті. Ғалымдар мен сарапшылар ана мен әкені, баланы қорғауға, сондай-ақ некенің конституциялық мәртебесіне қатысты ұсынылған баптардың тұжырымдарын жан-жақты талдады.

Талқылауды аша отырып, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Аубакирова конституциялық реформаларды ғылыми тұрғыдан пысықтаудың стратегиялық маңызын атап өтті:

«Жаңа Конституция жобасы — бұл жаңартылған нормалардың жай ғана жиынтығы емес, мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңінің көрінісі. Бүгін құқықтанушылар мен әлеуметтанушылардың күшін біріктіре отырып, біз конституциялық жаңалықтардың құқықтық тұрғыдан мінсіз әрі өміршең болуына жұмыс істеп жатырмыз. Отбасылық құндылықтарды қорғайтын нормаларға ерекше мән береміз, өйткені отбасы — қоғамның табиғи әрі іргелі ұясы. Біздің міндет — мұндай институттарға қазіргі заманның сын-қатерлері мен халқымыздың дәстүрлеріне сай сенімді конституциялық кепілдік беру».

Өз кезегінде Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрайымы, философия докторы (PhD) Жұлдызай Искакова реформалардың әлеуметтік өлшемінің маңызын атап өтті:

«Конституция азаматтардың күтулеріне үн қатуы тиіс. Заңнама институтымен бірлескен жұмыс құқықтық тұжырымдарды қоғамның нақты сұраныстарымен үйлестіруге мүмкіндік береді, жеке адамның құқықтарын қорғау мен ұлттың мәдени кодын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді».

Отырыс барысында жаһандану жағдайында дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселелері төңірегінде қызу пікірталас өрбіді. Қатысушылар қазіргі заманның өткір әлеуметтік сын-қатерлерін де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, жұмыссыздықпен күрес мәселелері, сондай-ақ буллинг (қорлау) және сталкинг (қудалау) сияқты теріс құбылыстарға қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктері нақты қаралды. Сарапшылар тұлғаны қауіп-қатердің жаңа түрлерінен қорғау үшін сенімді құқықтық тосқауылдар құру қажеттігін талқылады.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар аталған нормаларды конституциялық деңгейде бекітудің уақтылы екенін бірауыздан атап өтіп, олардың қоғамда жоғары сұранысқа ие екенін айтты.

Сонымен бірге, сарапшылар бұл конституциялық кепілдіктерді практикалық іске асыру заңдар мен заңға тәуелді актілер деңгейінде одан әрі мұқият пысықтауды және нақтылауды талап ететінін ерекше атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заңнама және құқықтық ақпарат институты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика