Астана мен Алматыдан Катарға ұшатын рейстер саны екі есе артады

Астана мен Алматыдан Катарға ұшатын рейстер саны екі есе артады Сурет: ашық дереккөз

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.


2023 жылғы 26-27 шілдеде Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейтетін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды:



- әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
- әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
- "ауа еркіндігінің" 5 дәрежесін қоса алғанда, әр жағынан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.



Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін өсті.


Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде "Qatar Airways" әуекомпаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы - Доха бағыты бойынша орындалатын рейстер санын күніне 1-ден 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.


Сондай-ақ, 2024 жылдың ортасында әуекомпания Астана-Доха бағыты бойынша әуеқатынасын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта "Qatar Airways" әуекомпаниясы Қазақстанға бағыт бойынша рейстерде, оның ішінде "Боинг-787 Дримлайнер" үлгісіндегі кең фюзеляжды әуекемелерін пайдаланады. Келіссөздер барысында әуекомпания Қазақстан Республикасына рейстерде әуекемелерінің осы түрлерін пайдалануды арттыратынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:22

17:55

17:50

17:26

17:18

17:13

17:05

16:49

16:41

16:37

16:04

15:59

15:30

15:28

15:04

14:34

14:08

14:05

13:39

12:42

12:14

11:50

11:45

11:35

11:22