Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ashyq жобасы қатысушыларының жұмыс режимі ұзартылд...

Ashyq жобасы қатысушыларының жұмыс режимі ұзартылды

Әлеумет 09.08.2021, 16:36 1,393
Ashyq жобасы қатысушыларының жұмыс режимі ұзартылды
Сурет: Almaty.tv

Жобаның ерікті қатысушылары бұл жеңілдікті пайдалана алмайды.


«Қоңыр-қызыл» аймақтағы Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Атамекен» ҰКП-на сілтеме жасап.


ҚР БМСД 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне 9 тамыздан бастап сағат 22.00-ге дейін, ал «Ashyq көшбасшысы» мәртебесі бар объектілерге сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.


Эпиджағдайды бағалау матрицасында «қоңыр-қызыл» аймақ ұғымының енгізілуімен көптеген нысандарға, соның ішінде Ashyq көшбасшыларына демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл тыйым 16 тамызға дейін сақталатынын нақтылады. Бірақ демалыс емес күндері нысандардың жұмыс істеу кестесі қайта қарастырылды.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Ashyq жобасына белсенді қатысатын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде адал бизнес субъектілерінің жұмыс режиміне қатысты бірнеше рет сұрақ қойылды. 


Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП 9 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақтағы Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс кестесі бойынша артықшылықтар беру ұсынысымен шықты. 


Сондай-ақ, кәсіпкерлермен кездесу барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бизнес үшін оны адал болуға ынталандыратын преференциялар жасау керектігін атап айтқан болатын.



«Жұмыс критерийлері, преференциялар мен бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары талқыланған барлық кездесулер өз жемісін берді, бұл, әрине, кері байланыс бар екенін білдіреді. Бүгінгі таңда Алматы бойынша Ashyq жобасының 19450 қатысушысы бар, оның ішінде 11208 нысан - ерікті қатысушылар. Демалыс күндері «қоңыр-қызыл» аймақта орналасқан нысандардың жұмыс кестесі туралы сұрақтар саны екі есеге артты. Кәсіпкерлер ҚР БМСД 29 шілдедегі №33 қаулысының мәтінінде жұмыс уақыты екі сағатқа ұзартылатынына аса мән берді. Бірақ қаулының қосымшасында басқа жұмыс кестесі көрсетілген болатын. Келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, 9 тамыздан бастап Ashyq жобасының қатысушыларына жұмыс режимі екі сағатқа ұзартылғанын ресми түрде мәлімдейміз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ашық #ковид #карантин #жұмыс #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі