Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Арнайы сессияда ауқымды мәселелер талқыланды

Арнайы сессияда ауқымды мәселелер талқыланды

Саясат 28.07.2023, 05:20 1,405
Арнайы сессияда ауқымды мәселелер талқыланды
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі

АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томас Уэст Ауғанстан бойынша С5+1 арнайы сессиясына қатысу үшін Астанаға келді.


ҚР Сыртқы істер министрлігі алаңында өткен сессия аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ өкілдері гуманитарлық көмек көрсету, адам құқықтарын қорғау, Ауғанстанмен халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризмге қарсы күрес бойынша бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан тарапынан қатысқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесіне бірыңғай келісілген прагматикалық көзқарастың маңыздылығына сессияға қатысушылардың назарын аударды.


АҚШ-тың арнайы өкілін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров қабылдады. Кездесу барысында америкалық тарап Қазақстан Үкіметінің ауған халқына көмек көрсету бойынша қабылдап жатқан шараларын құптап, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру шараларын атап өтті.


Қ.Омаров Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету және елдегі күрделі гуманитарлық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу бойынша халықаралық күш-жігерді біріктіруді жақтайтынын атап өтті. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің әлеуметтік-экономикалық және сауда-инвестициялық дамыту салаларындағы ынтымақтастығын ілгерілетуге бағытталған Алматыда БҰҰ-ның Аймақтық тұрақты даму орталығын құру туралы бастамасына назар аударылды.


Айта кету керек, C5+1 – 2015 жылы құрылған аймақтағы бес елдің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) АҚШ-пен сауда-экономикалық және өзара мүддедегі басқа да салалардағы өзара іс-қимылы жөніндегі аймақтық дипломатиялық платформа.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауғанстан #мәселе #Сыртқы істер министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Бүгін 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Бүгін 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Бүгін 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика