AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздіктері анықталды

Армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздіктері анықталды

Спорт 01.02.2024, 13:40 1,343
Армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздіктері анықталды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері құрамасының спорт кешенінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының ауыспалы кубогы үшін армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті.


Оған Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау және Бейнеу гарнизондарынан 9 салмақ дәрежесінде бақ сынасқан 90-ға жуық әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Чемпионат қорытындысын теңіз жаяу әскерлері құрамасының штаб бастығы майор Сапаралы Қазақбаев шығарды.



 – Армиялық қоян-қолтық ұрыс – Қарулы күштердегі ең танымал спорт түрі ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер үшін жауынгерлік дағдыларын арттырудың, дене шынықтыруды жетілдірудің, моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтудың тиімді құралы. Жарысқа қатысушылар жекпе-жектің үздік техникасы мен дайындықтың жоғары деңгейін көрсете білді, –  деп атап өтті ол. 



Армиялық қоян-қолтық ұрыстан жалпы командалық есепте теңіз жаяу әскерлері құрамасының гвардия майоры Мерей Мұқатаев басқарған құрама командасы жеңімпаз атанды. Үш бірдей алтын медальді жеңіп алған олар «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының ауыспалы кубогын иеленді. Өз салмақ дәрежелерінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері қатардағы жауынгерлер Бексұлтан Естеғұл мен Денис Балюктің жеңімпаздар қатарынан көрінгенін де айта кету керек.


Төрешілердің шешімімен жүлделі екінші орын 41433 әскери бөлімінің командасына бұйырса, 30238 әскери бөлімінің спортшылары үшінші орынды місе тұтты.


Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоян-қолтық #спорт #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58

Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағымдану керек?

Бүгін 14:10

Жер бетінде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді

Бүгін 12:24

Дархан Сатыбалды полиорталықтарды дамыту жобасын пысықтауды тапсырды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);