AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арманға апарар жол: Ұлттық ұланның сарбазы өз арма...

Арманға апарар жол: Ұлттық ұланның сарбазы өз арманына қол жеткізді  

Әлеумет 23.01.2026, 18:50 657 yakiya
Арманға апарар жол: Ұлттық ұланның сарбазы өз арманына қол жеткізді  
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде қатардағы Нұрдәулет Жалиев қызмет атқарады. Ол әскерге саналы түрде, нақты мақсатпен келді. Оның бала кезден бергіарманы - музыка әлемінде өз орнын тауып, әскери оркестр құрамында өнер көрсету. 

Өнерге деген құштарлық Нұрдәулетті ерте жастан жетеледі. Мектеп қабырғасынан бастап олкөпшілік алдында ән айтып, баян аспабында еркін ойнады. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген оның бойында жауапкершілік және табандылық секілді қасиеттер қалыптасты. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжін тәмамдаған соң, оның алдында екі таңдау тұрды. Бірі – музыка пәнінің мұғалімі ретінде еңбек ету. Екіншісі – бала күнгі арманынан бас тартпай, дара жол салу. Нұрдәулет жүрегі қалаған бағытты таңдады. Арман жолында ол тынымсыз еңбектеніп, кәсіби тұрғыда дамып, әскери оркестрге қабылдану үшін қажетті құжаттарды жинады. Алайда оған өзарманына жету жолында  әскери билетінің болмауы кедергі болды. Бұл жағдай жас музыканттың жігерін жасытпады. 21 жасында ол әскерге бару жөнінде шешім қабылдап, мақсатына бір қадам жақындай түсті.

Ата-анасы ұлының болашағына қатысты таңдауын қолдады. Себебі өздері де шығармашыл жандар бұл шешімнің "жеті рет өлшеп, бір рет кесілгенін" түсінді. Мерзімді әскери қызметтегі алты айда қатардағы Жалиев өзін жауапты әрі тәртіпті әскери қызметші ретінде көрсетті және келісімшарт негізінде қызметін жалғастыру құқығына ие болды. Әскери бөлімнің табалдырығын аттағаннан бастап бөлім командирлері Нұрдәулеттің әскери оркестрдеөнер көрсетуге деген ниетін білді. Оның талабы, тәртібі мен қызметке деген жауапкершілігі назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта қатардағы Нұрдәулет Жалиев5513 әскери бөлімінің  оркестрі құрамында өнер көрсетіп жүр. Ол жаңа музыкалық аспаптарды меңгеріп, кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық тұрғыда дамуын жалғастырыпжатыр. Арманға жету үшін әр адам табандылықтанытып, кездескен қиындықтарды еңсеру қажет. Алайда кей жағдайда жалғыз жігердің өзі жеткіліксіз болып, арманын орындау үшін мүмкіндік сыйлайтын орта керек болады. Нұрдәулет үшін дәл осындай мүмкіндік, арманын жүзеге асыруға жол ашатын орта Ұлттық ұландағы мерзімді әскери қызметтен табылды.   

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Бүгін 08:40

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Кеше 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Кеше 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Кеше 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);