AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақын Аман Кәлетаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып ө...

Ақын Аман Кәлетаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Әлеумет Бүгін 14:39 46 yakiya
Ақын Аман Кәлетаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Белгілі ақын-қаламгер,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» Аман Кәлетаевтың  80 жылдық мерейтойына арналған еске алу шарасы ақынның туған жері Тарбағатай ауданының орталығы «Ақжарда» аудандық кітапханада   «Қаламгер және қоғам» атты  дөңгелек үстел жұмысымен бастау алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шараға Астана мен Алматыдан, Ертіс пен Алтайдың арасын жалғаған Семей мен Өскеменнен ақын-жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарсы Ербол Нұрғалиев, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ғалым Қалибекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев, Медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлеубай Рақыпбеков, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Закариянов,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Маралтай Райымбекұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Қаңтарбаев, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов, ақын Мерей Қарт, Л.Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми  кітапхана директоры Бақытжан Оразалиев және ақын, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Серікзат Дүйсенғазиндер Аман Кәлетаевтың шығармашылығы турасында ойларын ортаға салып, ақынның «Жәннатым – Елім» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімін жасады.

Ақын Аман Кәлетаевтың аталған таңдамалы жыр жинағына кіндік қаны тамған жер, өскен орта мен туған ел туралы философиялық терең ойға толы сағынышты сезім сырларын тербейтін өлеңдері мен бір топ лирикалық жырлары енген. Адамгершілік пен ізгілікті темірқазық етіп, лирикаға толы сағыныш  сезімдерін қозғайтын ақын поэзиясы оқырманын бей-жай қалдырмайды. Кітап ақынның биылғы 80 жылдығына арнайы шығарылды.

Одан әрі шара аудандық мәдениет үйінде «Есіне бір түсермін тірілердің...» атты поэтикалық  кешіне және жазба ақындардың жыр фестиваліне ұласты. Кеш шымылдығын Қазақстанның халық әртісі, белгілі сахна саңлағы, кинорежиссер, актер Досхан Жолжақсынов ашты. Ақын Аман Кәлетаев туралы түсірілген «Іңкәр үміт» атты деректі фильм көрсетіліп, сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Кеш соңында жырдан шашу шашқан ақындар марапатталды. Шара соңында Мемлекет және қоғам қайраткері,  саясаттану ғылымдарының докторы Дархан Аманұлы Кәлетаев жиналған жұртшылыққа отбасы атынан ризашылығын білдірді.

Кешкісін Қабанбай батыр атындағы орталық саябақта «Тарбағатайға тағзым» атты елге аты мәлім «Мұз-Арт» тобының  гала концертін аудан тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қарагөз Сүлейменова,  әншілер Медет Салықов, Клара Төленбаева, Тоқтар Серіков және жергілікті әншілер өз өнерлерін ортаға салды.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді

Бүгін 15:54

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары туралы айтты

Бүгін 15:09

«Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді»

Бүгін 14:59

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін 14:48

Алматыда отбасы құндылығы мен саналы әке болу тақырыбы талқыланды

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);