AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақылбек Күрішбаев: Біз үшін жастарды ойланбай жаса...

Ақылбек Күрішбаев: Біз үшін жастарды ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау өте маңызды

Әлеумет 05.01.2022, 08:17 1,264
Ақылбек Күрішбаев: Біз үшін жастарды ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау өте маңызды
azattyq-ruhy.kz

Мемлекет басшысының саясатын бүкіл халықтың, барлық прогрессивті күштердің қолдауы бұрынғыдан да маңызды. Елдегі әлеуметтік-экономкиалық жағдайға байланысты пікір білдірген ҚР Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев осындай ой айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Еліміздің барлық азаматтары сияқты болған оқиғаларға байланысты өте алаңдаулымын. Экономиканы одан әрі қарай дамытып, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін бізге елдегі тұрақтылық ауадай қажет. Сонда ғана мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері дәйекті түрде іске асырылуы мүмкін. Біз Қазақстандағы тұрақсыздықты қолай көретін арандатушылар мен сыртқы күштердің жетегінде кетпеуіміз керек. Халқымызға соғыс қажет емес, ортақ үйіміздегі бейбітшілікті сақтауымыз керек. Сондықтан Мемлекет басшысының саясатын бүкіл халықтың, барлық прогрессивті күштердің қолдауы бұрынғыдан да маңызды», - дейді сенатор.



Оның айтуынша, жастарды ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау өте маңызды.



«Президент қабылдаған шаралар және Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдайдың жариялануы - ахуалды тұрақтандыруға бағытталған уақытша шара. Біз мұны түсінуіміз керек. Біздің қоғамда әділетті көтеріліп отырған бірқатар мәселелерді Үкіметтің уақтылы шаралар қабылдауы арқылы өз кезінде шешуге боладтын еді деп есептеймін. Олардың көбі қазір Президенттің жеке араласуынан кейін ғана шешімін тауып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде халықты әлеуметтік қолдаудың басымдықтарын нақты белгілеп берді және олар орындалады! Еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты! Біз үшін жастарды ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау өте маңызды», - деді Ақылбек Күрішбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тыныштық #сенатор #күрішбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Бүгін 16:06

Алдағы уақытта Құрылтай сайлауы өтеді, Халық кеңесі құрылады

Бүгін 15:42

Мемлекет басшысы: «Бас құжатымыз адами құндылықтар мен заң нормаларының жиынтығы ғана емес, ел дамуының қозғаушы күші болуға тиіс»

Бүгін 15:40

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатау city жобасын жүзеге асыру – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс»

Бүгін 15:33

Президент: «Алматы агломерациясын дамыту қажет»

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);