AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақтөбеге әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары келді

Ақтөбеге әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары келді

Әлеумет 20.09.2022, 08:56 1,493
Ақтөбеге әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары келді
Сурет: Inform.kz

Ақтөбеде Димаш Құдайберген үшін арнайы туристік бағыт әзірленген.


Ақтөбе қаласына әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттары келді. Әлемнің бірнеше елінен жиналған жанкүйерлер оқу орындары мен қаланың көрікті жерлерін аралауға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ақтөбеде Димаш Құдайберген үшін арнайы туристік бағыт әзірленген. Екі күндік сапар кезінде әншінің фанаттары мен шын жанашырлары мектепке, музыкалық колледж бен ол тұрған үйге баруды жоспарлады.



«Ақтөбеге әлемнің бес елінен фанаттар келді. Олар үшін екі күндік туристік сапар ұйымдастырып беріп отырмыз. Алғашқы күні олар №32 мектеп гимназиясына барады. Мұнда әншінің ұстаздарымен кездесіп, оқушы Димашты тани алады. Музыкалық колледжде де оқытушыларымен кездесіп, студент шағындағы мекенмен танысуға мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге Димаштың үйіне барып, танысады. Қаланы аралау, көрікті жерлеріне саяхат та қарастырылған», - туристік компанияның бас директоры деді Мейрамгүл Балғожина.



Оның айтуынша, бір ғана туристік компания Димаш Құдайбергеннің ән кеші болатын кезде 200-ден астам туристі қабылдап, қызмет көрсетпек. Олар әлемнің 35 елінен өтініш білдірген. Алғашқы легі, ондағы 11 фанат Ақтөбені көруді мақсат еткен. Осы жолмен туристерді әкелу жалғаса береді.



«АҚШ, Ұлыбритания, Уругвай, Литва, Малайзия, Вьетнамнан бар. Жалпы мұндай турды 2017, 2019 жылдары ұйымдастырдық. Жалпы фанаттар Алматы, Астана, Түркістан, Тараз, Шымкентке барады. АҚШ-тан келген фанаттың бірі Аралға барып, оның проблемасын көтеруді көздеп отыр», - деді Мейрамгүл Балғожина.



Еске салсақ, Димаш Құдайберген Ақтөбедегі №32 мектеп-гимназияда білім алды. Ол оқушы кезінде Абайдың қара сөздерін жатқа оқыды.
Бастауыш сынып мұғалімі қазір де осы мектепте сабақ береді. Ол оқушысының фанаттарына бала Димаш жайлы айтып беруден шаршаған емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #Димаш #Фанат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп» аясында алматылық оқушылармен кездесу өтті

Кеше 21:29

Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестік келісімдері

Кеше 21:00

Нұрлыбек Нәлібаев Zijin Mining Group өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 20:46

«Наурыз» ипотекасының шарттары өзгереме?

Кеше 19:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кеше 18:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);