Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбеде ауыл әкімін өлтіріп кетті

Ақтөбеде ауыл әкімін өлтіріп кетті

Оқиға 12.12.2022, 14:02 924
Ақтөбеде ауыл әкімін өлтіріп кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Фермер жәбірленушінің ішіне пышақ салған


Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылының әкімі көз жұмды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық ПД баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетовтің қаза болғаны туралы ауыл халқы біледі.


Қарабұлақ ауылы әкімдігіне хабарласқанымызда, оқиғаны растады.


Алайда әкімдікте мән-жайды айтып беретін маман жоқ екенін, өздері де нақты хабар ала алмағанын айтты.



«Сізге ақпарат беретін адам жоқ. Мұнда екі-ақ адам жұмыс істейді. Бірі - әкім, екіншісі - маман. Әкімге қатысты ақпаратты естіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын нақты білмеймін. Жалпы, ауылда негізі 500 адам тұрады», - деді Қарабұлақ ауылы әкімдігінің өкілі.



Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы әкімнің пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқанын айтты.


Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғаны белгілі болған.


Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 желтоқсан сағат 00:50-де болған.


Алға ауданы ПБ 102 нөміріне шаруа қожалықтарының бірінде адам өлімі тіркелгені туралы хабар түсті.



«Оқиға орнына жіберілген жедел тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған. Оның барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ салған. Оқиға салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды. Осы факт бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.



Айта кетейік, Ернар Махамбетов 1986 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.


Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,  Ақкемер ауылдық округінің жетекші маманы болып бастаған.


2014 жылы Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппаратында бөлімше басшысы міндетін атқарған.


2019 жылдың 2 сәуір айынан бері Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімі болып еңбек етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #полиция #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика