Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақмола облысында су тасқыны қаупі сейілді

Ақмола облысында су тасқыны қаупі сейілді

Әлеумет 20.04.2024, 07:46 1,149
Ақмола облысында су тасқыны қаупі сейілді
Сурет: Gov.kz

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 25 елді мекенде екі мың тұрғын үйді су басуына жол берілмеді, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал барынша азайтылды.


Су тасқынына қарсы іс-шараларға азаматтық қорғаныс жүйесінің, Ұлттық ұланның, Ішкі істер органдарының үш мыңнан астам қызметкері және бір жарым мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап. 


Облыстағы елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 45 км жер үйінділерімен 300 мыңға жуық инертті материал салынған қаптар дайындалды.


Су тасқынына қарсы күрестің алдыңғы қатарында Ақмола, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен офицерлері, 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы, полиция қызметкерлері мен еріктілер болды.


Көктемгі су тасқыны өткен күрделі және ауқымды учаскелердің бірі - Атбасар ауданы. Қазіргі уақытта Жабай өзеніндегі су деңгейі 2,8 метрге дейін төмендеді.


Бүгін Атбасар қаласында су тасқынын жоюға қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.


Ақмола облысының әкімі алғысын білдіріп, бірлескен күш-жігер су тасқынының ең жоғары кезеңдерін аз шығынмен өткізуге мүмкіндік бергенің атап өтті.


«Бірлескен және жедел күш-жігердің арқасында біз су тасқынының ауыр зардаптарын болдырмауға және ең бастысы - адамдардың өмірін сақтап қалуға қол жеткіздік. Бұл істе азаматтық қорғау және ішкі істер, қорғаныс органдарының қызметкерлері үлкен жұмыс атқарды. Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен орындадыңыздар - адамдардың өмірін, қауіпсіздігін және құқықтарын қорғадыңыздар. Біздің азаматтарымыздың тыныштығы, олардың өз әл-ауқатына деген сенімі бірінші кезекте сіздірдің сыни сәттердегі іс-әрекеттеріңізге байланысты», - деді М. Ахметжанов.


Су тасқыны кезінде еріктілер, тұрғындардың өздері және кәсіпкерлер де үлкен көмек көрсетті.


Өңір басшысы қалпына келтіру жоспарларына тоқталды.


 «Қазір қалпына келтіру жұмыстары басталды. Үйлер, инженерлік инфрақұрылым салу бойынша көп жұмыстар атқаруымыз керек. Бұл бағытта біз кезең-кезеңмен жұмыс істей бастадық. Бірінші кезекте су басқан ауылдарға көлік қатынасы ашылды, барлық өтініш білдірушілерге біржолғы төлемдер басталды, материалдық шығындар есептелуде. Су тасқынынан зардап шеккендердің ешқайсысы да назардан тыс қалмайды», - деді облыс әкімі.


Атбасар қаласының тұрғыны Екатерина Матрос жауап сөз сөйледі, ол өз кезегінде барлық құтқарушыларға алғысын білдірді.


Айта кетейік, Атбасар ауданында авариялық-құтқару жұмыстарына 400-ге жуық адам қатысып, 70-тен астам бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақмола облысы #су тасқыны #қауіп #сейілді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08

Алматылық актерлер жаңа конституция туралы пікір білдірді

Бүгін 11:04

Алматыда «Jas Stars» атты концерт өтеді

Бүгін 10:46

Алматы қаласында ойын-сауық орындарының бірінің қызметін уақытша тоқтатты

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі