AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай фин...

Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шықты

Спорт 13.05.2022, 15:00 1,361
Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шықты
Cурет: Inform.kz

Бірінші партияда қос брейкке қол жеткізген қазақстандық-аргентиналық жұп айқын басымдылық танытты


Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге ширек финалда уругвайлық Ариэль Бехар – эквадорлық Гонсало Эскобармен күш сынасты.


Бірінші партияда қос брейкке қол жеткізген қазақстандық-аргентиналық жұп айқын басымдылық танытты – 6:2.


Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіп, матч тағдыры тай-брейкте шешілді – 7:6 (12:10).


Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында А.Голубев пен М.Гонсалес эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.


А.Голубев пен М.Гонсалестің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.


Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев ресейлік Александр Шевченкомен бірге Шымкент челленджер турнирінің финалына шыға алмады. Бұл жұп жартылай финалда тартысты матчта швейцариялық Антуан Белье – бразилиялық Габриэль Декампқа есе жіберді – 5:7, 7:6 (7:5), 6:10.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің ширек финалына шыға алмағанын, Юлия Путинцеваның әлемнің жетінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.


Есесіне Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.
Дэвис кубогында Қазақстан теннисшілерінің қай күндері ойнайтыны анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #спорт #Андрей Голубев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);