AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Анаға құрмет» музейі балалар колониясында көрме ұ...

«Анаға құрмет» музейі балалар колониясында көрме ұйымдастырды

Әлеумет 27.01.2025, 13:09 720 Нұржамал ӘЛІШЕВА
«Анаға құрмет» музейі балалар колониясында көрме ұйымдастырды
Қылмыстық-атқару жүйесі

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде, яғни кәмелетке толмаған жазасын өтеуші балалар колониясында  «Анаға құрмет» музейі өкілдерінің ұйымдастыруымен  көрме өтті.  
Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы тұңғыш генерал-әйел Сәуле Айтбаева дәріс өткізді. Сәуле Мұханбедианқызы 2017-2022 жылдары Сенат депутаты, 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі болған. Қазір құрметті еңбек демалысында. №11 мекеменің кітапханасына Қазақстан Конституциясының авторы Нағашыбай Шәйкенов туралы  «Өнегелі өмір» кітабын сыйға тартты

Алматы қаласындағы «Анаға құрмет» музейі – еліміздегі ең еркеше  музей. Қызметкерлері балалар көрсін деп, өздерімен бірге көне жәдігерлерді, аналарымыз пайдаланған бұрынғы ыдыстарды, ерте замандағы батырлар қару-жарақтарын және басқа да құнды экспонатттарды ала келіп, керемет көрме ұсынды. Балалар көне жәдігерлерді қолымен ұстап, өздерін музейге барып қайтқандай әсерде болғаны анық. 

Музей меңгерушісі Гүлнар Әбіш жазалы жасөспірімдерге бос уақыттарында қолөнермен айналысуға, мекемеден босап шыққан соң осындай еркеше жұмыстар жасап, адал еңбегі арқылы қоғамнан өз орнын тауып, өз-өзін жұмыспен қамти алатындарын атап өтті. 

– Осындай танымдық іс-шаралар жасөспірімдердің эстетикалық талғамын арттырып, тарихымыз туралы көбірек білуге, құрметтеуге үндейтіні сөзсіз. Сондықтан біздің мақсат – жазалы жеткіншектер үшін осындай жүздесулерді жиі ұйымдастырып, оларға өмірдің мәнін түсіндіру, жаман жолға түсіп кетпей, өзіне, отбасына, қоғамға пайдалы іспен айналысуына болатын жолдарды көрсету, – дейді  №11 мекеме бастығы әділет полковнигі Алмат Сүлейменов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Сәуле Айтбаева #Дәріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);