Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / “Ана қызға ойым кетті”. Танымал жайдарманшының әңг...

“Ана қызға ойым кетті”. Танымал жайдарманшының әңгімесі қоғам наразылығына ұшырады

Әлеумет 22.01.2026, 09:38 309
“Ана қызға ойым кетті”. Танымал жайдарманшының әңгімесі қоғам наразылығына ұшырады
сурет: ашық дереккөз

Экс-жайдарманшы Айбек Байназаров бейтаныс қызға жасаған орынсыз әрекетін әзіл ретінде баяндап, қоғам наразылығын тудырды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Ол бұл оқиға туралы әзілкеш Дархан Оспанов жүргізетін «Шай әңгіме» YouTube шоуында айтып берген. Айтуынша, жас кезінде пойызда мас күйде бейтаныс бойжеткенге тиіскен. Сұхбаттың үзіндісі кейін Threads әлеуметтік желісінде тарады.

Желі қолданушыларының айтуынша, Айбек Байназаров болған жағдайды өкінішпен емес, керісінше әзілге айналдырып жеткізген. Студиядағы жүргізуші мен қонақтардың да әңгімені тоқтатпай, күлкімен қабылдауы көпшіліктің наразылығын күшейтті.

Бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, резонанс тудырды. Қолданушылар Айбек Байназаровтың сөзін де, оны тоқтатпаған жүргізуші Дархан Оспановты да сынға алды. Көпшілік мұндай әңгімелердің зорлық-зомбылық пен харассментті қалыпты жағдай ретінде көрсетуі қауіпті екенін атап өтті.

Әйелдер қауымы пойыздар мен қоғамдық орындарда орын алған осындай оқиғалардан алған психологиялық соққылары туралы пікірлерін бөлісе бастады.

Осыдан кейін Дархан Оспанов түсірілім мен монтаж барысында әңгіменің ауыр контекстіне мән бермей қалғанын айтып, кешірім сұрады. Алайда бұл мәлімдеме желі қолданушыларының ашуын баса алмады. Көп ұзамай «Шай әңгіме» бағдарламасының аталған шығарылымы YouTube платформасынан өшірілді.

Еске салайық, 2018 жылы «Тальго» пойызында болған зорлық оқиғасы Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жайдарман #резонанс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Бүгін 11:35

Тағы 1,8 мыңға жуық адам Таяу Шығыстан Қазақстанға оралды

Бүгін 11:02

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі