AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Амантай БЕРҒАЛИЕВ:  Біз өскелең ұрпаққа үлгі болуы...

Амантай БЕРҒАЛИЕВ:  Біз өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз керек 

Әлеумет 19.03.2023, 16:29 1,033
Амантай БЕРҒАЛИЕВ:  Біз өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз керек 
Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев №178 мектеп аумағында орналасқан, өзі тіркелген сайлау учаскесіне немересімен бірге келді, -деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Біз кіріп келгенде, мұнда мерекелік атмосфера, музыка ойнап тұрды. Жалпы, ауа-райы да Қазақстан үшін осындай маңызды күнде бізге сыйлық жасаған сияқты. Күн де бүгін шуағын молынан төгіп тұр. Мен немереммен бірге келдім. Ол әлі дауыс бере алмайды, 6-сыныпта оқиды. Бірақ кішкентай болса да, елінің тарихына және Қазақстанда болып жатқан түрлі оқиғаларға деген қызығушылығы өте жоғары. Мен, әрине, немеремнің бұл сергектігін, жақсыны білмекке деген құштарлығын әркез қолдауға дайынмын. Біз өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз керек. Немерем менің сайлауға баратынымды білгенде, менімен барғысы келетінін айтты. Мұның бәрі оған өте қызықты. Ол да – болашақ сайлаушы ғой», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 



Амантай Берғалиев қазіргі сайлаудың ел үшін маңызы зор болатынына сенімді. 



«Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау – маңызды кезең. Бүгін біз бюллетеньге белгі соғып қана қоймай, сенетін адамдарымызды таңдаймыз. Өйткені олар біздің талап-тілегімізді билік органдарында жеткізушілер. Әрбір қазақстандық үшін маңызды болып табылатын мәселелерді шешу жолдарын ұсынушылар деп білемін. Иә, бұл – елдің болашағы шешілетін айтулы күн. Үйге қайтып бара жатқанда, таңертең қала көшелерінде кетіп бара жатқан адамдарға назар аудардым. Бәрі қуанышты болып көрінді. Олардың дауыс беруге бара жатқанына да сенімді болдым. Біздің алматылықтардың сайлаудың жалаң науқан емес, елдің, қоғамның жүгін арқалайтын азаматтарға мүмкіндік беру көзі екенін түсініп келеді деп ойлаймын», – дейді Амантай Берғалиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сайлау #Бергалиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);