AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алты облыста жаңадан сегіз су қоймасы салынады - Ү...

Алты облыста жаңадан сегіз су қоймасы салынады - Үкімет

Әлеумет 13.12.2022, 09:51 1,038
Алты облыста жаңадан сегіз су қоймасы салынады - Үкімет
Сурет: Egemen.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстанның Су кеңесінің отырысы өтті. 


Оның барысында су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды Almaty-alshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Кешенді жоспарда Су кодексін жаңа редакцияда әзірлеу, су ресурстары мен су шаруашылығы мәселелері жөніндегі ғылыми орталық құру, суды пайдалануды реттеудің экономикалық тетіктерін іске асыру, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және басқа да іс-шаралар көзделген.


Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 8 жаңа су қоймасын салу және 16 апатты су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда. Бұл қосымша су көлемін жинақтауға, 124 елді мекенде су тасқыны қаупін азайтуға және 170 мың гектардан астам жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді.


Бұдан басқа, суару арналарын реконструкциялау, магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру, сондай-ақ су ресурстарын басқаруды цифрландыру көзделген, бұл судың ысырабы мен артық шығынын айтарлықтай азайтады.



«Алдағы үш жылда біз экономикаға және азаматтарымыз үшін барынша тиімді болатын өзекті мәселелерді шешуіміз керек. Алдымен, жоғары нәтиже беретін, сондай-ақ, бірінші кезекте реконструкциялануы тиіс су құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басым жобаларды іріктеп алуымыз керек», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су қоймасы #алты облыс #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);