Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының қай көшелері күрделі жөндеуден өтеді?

Алматының қай көшелері күрделі жөндеуден өтеді?

Әлеумет 09.08.2021, 17:00 1,707
Алматының қай көшелері күрделі жөндеуден өтеді?
Сурет: Gov.kz

Қазіргі уақытта ұзындығы 15 шақырымнан асатын 21 көшеде жұмыстар аяқталды.


Қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзахановтың  мәлімдеуінше, биыл Думан шағын ауданындағы 30 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Спикердің айтуынша, бұл көшелерде жаңа асфальт, арықтар мен тротуарлар пайда болады. Сонымен қатар, Алматыда қалған 38 көшеде (ұзындығы 15,1 км) жөндеу жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Ғани Мырзаханов алматылық жол салушылар асфальт төсеуде технологияның екі түрін – ұсақ түйіршікті және қиыршықты мастикалық асфальтты қолданатынын айтты.


ҚМБ басшысы қараша айында Таусамалы шағын ауданындағы Қонаев көшесін Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін (ұзындығы1,2 км) реконструциялауды аяқтау қарашаға жоспарланғанын айтты.



«Қазіргі уақытта үш жол айрығының құрылысы жүргізілуде. Биыл Рысқұлов даңғылы - Емцов көшесінің қиылысындағы жол айрығында көлік құралдарының қозғалысын ашу жоспарлануда, келесі жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі - Құлжа трактісіндегі жолайрықтарын іске қосу  жоспарлануда», - деп атап өтті Ғани Мырзаханов.



Спикер төрт көшені үңгілеу туралы да айтты. Жыл соңына дейін Абай даңғылы, Алатау көшесі мен Әуезов көшесі бойында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, көліктер қозғалысын ашу жоспарлануда. 2023 жылы Сайын көшесіндегі жұмысты аяқтау жоспарлануда.


Сонымен қатар, ағымдағы жылы Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарының сегіз шағын ауданында (Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Алғабас, Нұршашқан, Әлмерек, Қайрат, Құрамыс шағын аудандарында) жол салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде ұзындығы 108 км болатын 415 көшеде. Бүгінгі күні ұзындығы 35 км болатын 132 көшеде жол құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 75 шақырым жолды аяқтау жоспарлануда.
Ғани Мырзаханов  басқарманың  Алматыдағы  барлық көшелердің, әсіресе магистральды көшелердің жағдайын мұқият бақылап отыратынын атап өтті.



«Біз әр 5 жыл сайын жол жамылғысын ауыстырамыз. Көлік жылдамдығы жоғары магистральды көшелер мұқият бақылауда. Бұл жолдар ерекше назарды қажет етеді. Біз жыл сайын ағымдағы, орташа немесе күрделі жөндеу қажеттілігін анықтаймыз. Ағымдағы жөндеу жағдайында кішігірім кемшіліктерді жоямыз, жамауды жүргіземіз, жарылуларды жөндейміз. Орташа жөндеумен бастапқы күйіне жеткіземіз. Бұл көлемі жөнінен ең үлкен жөндеу», - деді Ғани Мырзаханов.



ҚМБ басшысы бағдаршамдардың жағдайы туралы да айтты. Бүгінде Алматыда олардың саны 450. Былтыр 93-і модернизацияланды, ал келер жылы тағы 300 бағдаршам жаңаратын болады.


2021 жылдың соңына дейін 34 бағдаршам орнатылады, 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін және 70-ке жуық реттелмейтіндерін  жарықтандыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #жөндеу #басқарма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі