AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Наурызбай ауданының әкімдігі COVID-19-ға...

Алматының Наурызбай ауданының әкімдігі COVID-19-ға қарсы белсенді түрде екпе алуға шақырады

Әлеумет 03.08.2021, 10:03 1,768
Алматының Наурызбай ауданының әкімдігі COVID-19-ға қарсы белсенді түрде екпе алуға шақырады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ауданда 20 стационарлық және 5 жылжымалы екпе пункттері бар.


Жаппай вакцина барысы туралы ақпаратты Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спикердің айтуынша, ауданда 20 стационарлық және 5 жылжымалы екпе пункттері бар. Мектептерде, базарларда және халыққа қызмет көрсету орталығында резервте 4 егу пункті бар. 


Санжар Тоғай қала тұрғындарын тезірек екпе алуға шақырды. Ол мегаполис тұрғындарынан өзінің және жақындарының денсаулықтарын сақтауға, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық ұсыныстарын барынша жауапкершілікпен орындауға шақырды. 


Аудан әкімі тек вакциналанудың ғана  пандемияны тоқтататынын атап өтті. 



«Мен барлығын тез арада екпе алуға шақырамын. Тек вакцина сізге және сіздің отбасыңызға реанимацияға жатудан, аурудан кейін оңалтудан өтуден, антибиотиктер мен басқа дәрі-дәрмектерді қабылдаудан құтылуға мүмкіндік береді», - деді Санжар Тоғай. 



Бүгінде 6 мекенжай бойынша (№7 қалалық аурухана, №№26, 27, 36 қалалық емханалар, "Таусамалы" базары мен Қарғалы дәрігерлік амбулаториясы) 10 пунктте 20 стационарлық және 5 жылжымалы бригада жұмыс істейді. 


Еске салсақ, Алматыда эпидемиологиялық ахуал одан сайын ушығып барады. Қалада коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеу 1500 жағдайдан асты. 


2021 жылдың 1 ақпанынан 1 тамызына дейінгі кезеңде барлығы 725 575 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Өткен тәулікте 4 971 адамға екпе жасалды. 60 жастан асқан вакциналанғандардың жалпы саны 99 587 адам. 


Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-ларында 167 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмыс жұмылдырылған. Алматының Наурызбай ауданының тұрғындарын COVID-19-ға қарсы белсенді түрде екпе алуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #екпе #Пандемия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);