конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданында салық түсімдері бизнес п...

Алматының Медеу ауданында салық түсімдері бизнес пен туризмді дамытудың арқасында 18,7% - ға өсті

Әлеумет 27.02.2025, 10:31 705
Алматының Медеу ауданында салық түсімдері бизнес пен туризмді дамытудың арқасында 18,7% - ға өсті
видеодан алынды

Алматыдағы Медеу ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оң серпінді көрсетіп отыр. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қала басшысының айтуынша, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 5,2% - ға артып, 46,2 мыңға жетті. Бөлшек сауда көлемі 5% - ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады, ал құрылыс саласы 38,7% - ға өсіп, 101 млрд теңгеге жетті. 

Туризм саласы да белсенді дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында Медеу ауданына 430 мыңнан астам турист келді, оның ішінде 99 290 шетелдік қонақ. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% - ға көп, шетелдік туристер саны 10% - ға өсті.

Бұл көрсеткіштер Медеу ауданында салық түсімдерін 18,7% - ға, 443,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, сондай-ақ 8 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етті.

Белсенді экономикалық дамудың арқасында аудан бюджеті 2024 жылы 32% - ға ұлғайып, 36,1 млрд теңгеге жетті, ал 2025 жылы тағы 6,4% - ға өсіп, 38,4 млрд теңгені құрады.

Қала және аудан әкімдіктері жұмыстарының негізгі бағыттары инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны белсенді дамыту болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #түсім #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);