конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданында 2025 жылдың соңына дейі...

Алматының Медеу ауданында 2025 жылдың соңына дейін 10 балабақша ашылады

Әлеумет 27.02.2025, 10:15 992 Nursok82
Алматының Медеу ауданында 2025 жылдың соңына дейін 10 балабақша ашылады
Алматы қаласы әкімдігі

Медеу ауданында екі мектеп күрделі жөндеуден кейін келесі оқу жылында ашылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындармен кездесу кезінде білім беру инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қаланың оңтүстік бөлігінде, Құлжа тас жолының жанында 2 000 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды.

Құрылысты аяқтау 2024 жылдың тамыз айына жоспарланған. Осы кезеңде №161 және №33 мектептерінде күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары да аяқталады.

Сонымен қатар, қолданыстағы білім беру мекемелерін кеңейту мақсатында үш мектепке қосымша ғимараттар салынуда: №35 мектепке 300 орындық ғимарат (2025 жылдың маусымында аяқталады), №99 мектепке 250 орындық ғимарат (2025 жылдың қарашасында аяқталады). Сондай-ақ, НЗМ 320 орындық қосымша ғимарат салып жатыр, ол 2025 жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.

Биыл мамырда №131 мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталып, келесі жылдың шілдесінде аяқталады. Ал қыркүйекте «Думан» шағын ауданында 1 200 орындық жеке мектептің құрылысы басталып, оны 2026 жылдың тамызында аяқтау жоспарланған.

Мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Алматыда 720 орындық 14 жеке балабақша ашылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 500 орынға арналған 10 балабақша ашу жоспарланып отыр. 2025 жылдың ақпанында «Думан-2» шағын ауданында 320 орындық жеке балабақшаның құрылысы басталып, 2026 жылдың ақпанында ашылады. 2025 жылдың сәуірінде №195 балабақшаның күрделі жөндеуі мен сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталады.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында «BI Group» құрылыс компаниясы 2025 жылдың тамыз айында жетім балаларға арналған жаңа «Жанұя» мамандандырылған кешенінің құрылысын аяқтайды. Жоба аясында ескі ғимарат сүріліп, жаңасы салынады. Жобаның жалпы құны – 5,9 млрд теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #құрылыс #Жайлы мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);