AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Әділет» партиясының қолдауымен «Таза Қа...

Алматыда «Әділет» партиясының қолдауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында EcoNetwork экологиялық жобасы таныстырылды

Алматы Бүгін 16:41 50
Алматыда  «Әділет» партиясының қолдауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында EcoNetwork экологиялық жобасы таныстырылды

Іс-шара «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының алаңында ұйымдастырылып, қаланың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды дамыту және экологиялық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

EcoNetwork – экологиялық мәдениетті дамытуға, қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғындар, бизнес, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың экологиялық бастамаларға қатысуын арттыруға бағытталған жоба. Оның негізгі ерекшелігі — экологиялық жауапкершілікті тек ақпараттық акциялар арқылы емес, азаматтарға нақты әрі қолжетімді құралдар ұсыну арқылы қалыптастыру.

Жобаны оның негізін қалаушы, эколог Евгений Мухамеджанов таныстырды. Ол қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырудың практикалық тетіктері, экологиялық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық шешімдерді пайдалану және экологиялық мәселелерді шешуде бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы айтып берді.

Іс-шараға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров, EcoNetwork жобасының негізін қалаушы Евгений Мухамеджанов, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұржан Жақыпов, сондай-ақ қоғам және экология саласының өкілдері қатысты.

Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалы жанынан Өңірлік экологиялық кеңес құру туралы бастама көтерілді. Бұл ұсынысты Алтынай Көбеева айтты.

Ұсынылып отырған кеңес экологтар, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдардың басын қосатын тұрақты пікірталас және ұсыныс әзірлеу алаңына айналмақ. Кеңестің негізгі міндеті – Алматының өзекті экологиялық мәселелерін жүйелі түрде қарастыру, нақты ұсыныстар әзірлеу, экологиялық жобаларды қолдау және олардың жүзеге асуына ықпал ету.

«Экологиялық мәселелерді шешу үшін бір реттік акциялармен шектелмей, жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Осы ретте Өңірлік экологиялық кеңес құру – сарапшылардың, қоғамның және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретін маңызды қадам. Басты мақсатымыз – экологиялық мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешімдер ұсынып, олардың жүзеге асуына ықпал ету», – деді Станислав Канкуров.

Өз кезегінде Евгений Мухамеджанов экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін азаматтарға нақты мүмкіндік пен қолжетімді құралдар қажет екенін атап өтті.

«EcoNetwork жобасының мақсаты – экологиялық бастамаларды нақты әрекетке айналдыру. Қалдықтарды бөлек жинау, экологиялық білім беру және цифрлық шешімдер тұрғындарды, бизнесті және қоғамдық ұйымдарды осы іске тартуға мүмкіндік береді. Экологиялық жауапкершілік әр адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуы маңызды», – деді Евгений Мухамеджанов.

Іс-шара соңында «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының ғимараты алдында қалдықтарды бөлек жинауға арналған экологиялық арт-нысан ашылды. Нысан қалдықтарды сұрыптау мәдениетін насихаттап, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:13

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:08

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Бүгін 17:00

Алматыда «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс IX есеп беру конференциясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Бүгін 16:56

Алматыда студенттерге арналған жатақханаларда 830 бос орын бар

Бүгін 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);