Брусиловский көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, 10 қазан сағат 22:00-ден 11 қазан сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақта жол жабынын төсеу жұмыстарына байланысты автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және жөндеу жұмыстарының технологиялық үдерісіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгертілуі мүмкін.
Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.