AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен т...

Алматыда «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс IX есеп беру конференциясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Алматы Бүгін 16:56 40
Алматыда «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс IX есеп беру конференциясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Алматыда «Әділет» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының кезектен тыс IX есеп беру конференциясы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында филиалдың атқарған жұмыстары қорытындыланып, жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жаңа бастамаларды қолдау және алдағы кезеңдегі қызметтің басым бағыттары талқыланды.

Конференцияны Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров ашты. Жиынға 80 делегат, сондай-ақ депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен жастар қанатының белсенділері қатысты.

«Бүгінгі конференция – атқарылған жұмыстарды саралап, қол жеткізілген нәтижелерге баға беретін маңызды алаң. Өткен кезеңде жастар қанаты қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға, жастардың белсенділігін арттыруға және олардың әлеуетін ашуға бағытталған жұмыстар жүргізді. Ендігі міндет – жинақталған тәжірибені тиімді пайдаланып, басталған жобаларды жүйелі түрде жалғастыру. Біз үшін ең маңыздысы – жастардың ұсыныстары нақты істерге ұласып, қала өміріне оң өзгерістер әкелуі», – деді Станислав Канкуров.

Есепті кезеңде «Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалы бірқатар қоғамдық жобаларды жүзеге асырып, жастардың белсенділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізді. «Таза Қазақстан», «Ардагерлерді ардақтайық», «Қауіпсіз қала», «Вандализмге жол жоқ», «Тарихқа тағзым» және «Кел, шай ішейік» жобалары аясында 116 іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 35 жоғары оқу орны мен колледжбен меморандум жасалып, жастар ұйымдарының бастауыш құрылымдарының саны 44-ке жеткізілді. «Чемпиондық рух» спорттық жобасы екі рет өткізіліп, 2 мыңға жуық қатысушыны қамтыды.

2026 жылы жаңа Конституцияны қабылдау үдерісіне байланысты «Әділет» партиясының жастары Алматы қаласының барлық аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастардың азаматтық және саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырды. Сонымен қатар, «Менің тілім – менің елім» жобасы аясындағы «Soile» қазақ тілі клубы тұрақты жұмысын жалғастырып, мемлекеттік органдармен, білім беру ұйымдарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен жобалар жүзеге асырылды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Дидарбек Ділдәбек онлайн форматта қатысып, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі мен азаматтық белсенділігінің маңыздылығына тоқталды. Жиында жастар бастамаларын дамыту, білім беру ұйымдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысты нығайту мәселелері қаралды.

Конференция барысында қалалық филиалдың ұйымдастырушылық мәселелері де қаралып, делегаттардың дауыс беру нәтижесінде бұған дейін «Әділет» партиясының Алмалы аудандық филиалын басқарған Айдар Күнтубай «Жастар Рухы» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

Жастар қанатының алдағы жұмыс бағыттарын талқылауға «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек және «Jaidarman» Алматы қалалық филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов қатысты.

Конференция қорытындысында атқарылған жұмыстарға баға беріліп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Басым бағыттар қатарында жастар бастамаларын жүйелі қолдау, қоғамдық белсенділікті арттыру және алматылық жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға кеңінен тарту мәселелері белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:22

Алматыда Алатау даңғылының аумақтарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:20

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:13

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:08

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Бүгін 17:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);