Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.