Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Индустриалды аймағы жаңа инвестициялық ж...

Алматының Индустриалды аймағы жаңа инвестициялық жобалармен толығатын болады

Әлеумет 23.09.2021, 11:47 1,351
Алматының Индустриалды аймағы жаңа инвестициялық жобалармен толығатын болады
almaty-akshamy.kz

Алматының Индустриалды аймағында 2023 жылға дейін төрт жаңа өндірістік парк пен полиэтиленді өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабаралайды almaty-akshamy.kz




Әлеуетті инвесторлар 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция салуға дайын, олардың бір бөлігін «Almaty Finance» ЖШС қаржыландырады.


Шағын кәсіпкерлік субьектілері өндірістік парктерде ролл перделерді, жиһаздық скобтарды, гидравликалық қосалқы бөлшектерді, радиациялық бақылау саласындағы өлшеу құралдарын, ашық спорттық жабдықтарды, фанерлерді, ағаш материалдарын, ламинатты, ковролинді, есік-терезелерді, ас үй мен тоңазытқыш жабдықтарын, киім, аяқ киім, тоқыма, сондай-ақ ас үй, кеңсе және жұмсақ жиһаздарды шығаратын болады.




Жаңа өндірістік парктердің жалпы ауданы 25 мың шаршы метрден асады, мұнда 760 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Алматыда барлығы 11 шағын өндірістік парк іске қосылды, оның ішінде  аудандардағы 5 өндірістік парк бар. Олар – «БротМастер» ЖШС, «Ala Estate»ЖШС, Samruk Group ЖШС, CityBus ЖШС, AsiaProm Textile ЖШС, жалпы алаңы 17 мың шаршы метрден асады. Индустриалды аймақта тағы 6 шағын өндірістік пактер құрылған, олар – «Ala Estate»ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «KazStroyTrade» ЖШС, «D&J Investments & Logistic» ЖШС, «Qazaq Plast» ЖШС, «Алтын Даурен Бизнес» ЖШС, бұлардың жалпы алаңы 31,2 мың шаршы метрден астам. 




Бүгінде шағын өнеркәсіптік парктер сусындар, құрылыс материалдары, қағаз өнімдері, дезинфекциялаушы заттар, комбинезон, металл конструкциялар, жиһаз, галантерея, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, маскалар мен азық-түлік қаптамаларын шығарады.


Алматыда жаңа жобаларды ескере отырып, 2022 жылға қарай 5,9 млрд теңге инвестиция құйылатын 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейтін болады, олардың алаңы 73 763 шаршы метрді құрайды, осының арқасында бір жарым мыңнан астам жұмыс орны құрылады.


ӨҮК қатысушылар Алматының Индустриалды аймағының аумағында полиэтиленді өңдейтін зауыт құрылысының жобасын қарады. «Best-Plust Products» ЖШС 2023 жылға қарай жылына 400 миллион дана полиэтилен пакет шығаратын кәсіпорынды іске қосады. 35 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Компания қалдықтарды қайта өңдейтін «Green Recycle» зауытымен полиэтилен қалдықтарын жинау тжөніндегі меморандумға қол қойды. Өндірістегі қайта өңделетін полиэтиленнен жасалатын өнімнің үлесі 30%-ға дейін болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Индустриалды #аймақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Бүгін 10:49

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика