AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Бостандық ауданында екі емхана мен Перин...

Алматының Бостандық ауданында екі емхана мен Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы жөнделеді

Әлеумет 06.09.2024, 09:57 1,888 Bakyt
Алматының Бостандық ауданында екі емхана мен Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы жөнделеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев қолжетімді және сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Осы жылдың маусым айында Бостандық ауданындағы Манас көшесінде тәулігіне 500 пациентке арналған Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды. 


 
Мекемеде 26 реанимация және қарқынды терапия төсегі, 4 операциялық блок, сондай-ақ диагностикалық бөлімше бар. Ғимарат халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. 

Бұл балалар стационары 1965 жылы салынған және С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия кафедрасының клиникалық базасы болып табылады. Мұнда  Алматыдан ғана емес, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балалар ем алады. Мекеме өңеш атрезиясы, диафрагматикалық грыжа, рахишизис, гастрошизис және т.б. сияқты туа біткен ауруларды хирургиялық  емдеудің жалғыз орталығы болып табылады. 

Соңғы үш жылда орталықтың қабылдау бөліміне түскен өтініштер саны 30% - ға артты. 

Қазіргі уақытта клиниканы қайта құру жоспары әзірленуде. Атап айтқанда, барлық ескі ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, оңалту, отоларингология, офтальмология, жақ бас сүйек хирургиясы бөлімшелері ашылады. Нәтижесінде ауруханадағы төсек саны 350-ден 470-ке дейін артады. Жаңғырту медициналық қызметтер спектрін кеңейтуге және халықаралық стандарттар деңгейінде сапаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 
Сондай-ақ, қала басшысы Бостандық ауданының үш денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеу барысы туралы хабарлады. Осы жылдың желтоқсан айында № 4 және №12 екі емхананы жөндеуді аяқтау жоспарлануда. 2025 жылдың ақпан айында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы жөнделеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);