AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Globa...

Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable іс-шарасына қатысты: жалпы құны $4,8 млрд болатын құжаттарға қол қойылды

Экономика Бүгін 12:48 56
Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable іс-шарасына қатысты: жалпы құны $4,8 млрд болатын құжаттарға қол қойылды
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел) іс-шарасына қатысты. Биылғы іс-шараның Шымкент қаласында өтуі Еуразияның негізгі сауда ағындары мен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің тоғысында орналасқан мегаполистің қарқынды дамуын көрсетеді.

Пленарлық отырыс басталар алдында Олжас Бектенов шетелдік серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан өңдеу өнеркәсібін, АӨК, энергетика және басқа да салалардағы бірқатар жобамен танысты. Олардың қатарында Жамбыл облысындағы Masdar жел электр стансасының құрылысы, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы China Energy компаниясының ЖЭК саласындағы жобалары, Алматы облысындағы Carlsberg Group компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін зауыты және Alatau city жобалары бар. Сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан Alsera жылыжай кешені мен QazAlPack зауытының құрылысына да ерекше назар аударылды.

KGIR-2026 алаңынна сындарлы диалог орнатуды мақсат еткен 40-тан астам елден келген 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі жиналды.

«Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі»  тақырыбындағы пленарлық отырысты ашқан Премьер-министр іскерлік қоғамдастық өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қалыптастырылып, белсенді дамып келе жатқан кең ауқымды инвестициялық мүмкіндіктер туралы мәлімет берді.

«Біз халықаралық іскерлік қоғамдастықпен, оның ішінде бүгінгі Дөңгелек үстел аясында тікелей диалог орнатуға ерекше мән береміз. Былтыр еліміздің жалпы ішкі өнімі 6,5%-ға өсіп, $300 млрд-тан асты. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, биыл бұл көрсеткіш $300 млрд-қа жетеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға жарты трлн долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылса, тек соңғы 5 жылдың өзінде бұл көрсеткіш $100 млрд-тан асты. Біз үшін озық технологияларды енгізу, жаңа өндірістерді құру және шикізатты терең өңдеу арқылы экономиканы сапалы жаңғырту – аса маңызды міндет. Дәл осы стратегиялық басымдықтар 2030 жылға дейінгі жаңартылған Инвестициялық саясат тұжырымдамасында көрініс тапқан. Қазақстан ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық әрі тұрақты мемлекет болып қала береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сондай-ақ Премьер-министр инвесторларды Екібастұз қаласындағы «ДӨО алқабын» құру, жоғары технологиялы Alatau City қаласын салу және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатын өзге де ауқымды бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін басым бағыттар ретінде өңдеу және химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру және көлік машина жасау, АӨК пен агроөңдеу, IT-инфрақұрылымды цифрландыру мен дамыту, жоғары технологиялық қалаларды салу аталды.

Қазақстанда инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған: инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Kazakhstan Investment House орталығында экспорттық және өнеркәсіптік қолдаудың 100-ден астам түрі қолжетімді болады, Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ағылшын құқығы нормаларын қолдану мүмкіндігі бар, инвесторлардың құқықтарын Бас прокуратура деңгейінде қорғау тетіктері жұмыс істейді, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді Үкімет жанындағы кеңес жүзеге асырады. Инвестициялық тартымдылық халықаралық рейтингтермен де расталады. Жетекші рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық деңгейін растап отыр. Ал, S&P агенттігі еліміздің рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейіне дейін көтерді. Бұл – соңғы онжылдықта қол жеткізілген осындай алғашқы көрсеткіш. Сонымен қатар еліміз Global Investment Risk and Resilience Index индексінде бірден 17 сатыға көтеріліп, әлем бойынша 53-ші орынға ие болды.

Премьер-министр жетекші шетелдік компаниялар жаңа жобалары үшін Қазақстанды таңдауды жалғастырып жатқанын атап өтті. Табысты жүзеге асырылып жатқан бастамалар осының айқын дәлелі. Мәселен, Stadler Rail Астанада жолаушылар вагондарының жаңа буынын шығаруды жолға қойды, Carlsberg Group қазіргі заманғы сусындар өндірісін ашты, Harvest Agro Holding ірі агроиндустриалды кластерді қалыптастыруда, Mars үй жануарларына арналған азық өндірісін құруда, ал Air Liquide сутегі өнеркәсібін дамытуда.

Пленарлық сессия барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, The Boeing Company президенті және бас атқарушы директоры Келли Ортберг, Ислам даму банкінің президенті, Ислам даму банкі тобының төрағасы Мухаммад Сулейман Аль-Джассер, Masdar бас атқарушы директоры Мохамед Джамиль Аль-Рамахи, Sarens Kazakhstan президенті Лудо Антон Саренс, Lasselsberger Group бас атқарушы директоры Йозеф Ласселсбергер сөз сөйледі.

Шымкентте KGIR-2026 алаңында жалпы сомасы $4,8 млрд болатын 22 құжатқа қол қойылды.

Олардың қатарында келесідей Инвестициялар туралы келісімдер:

  • Қостанай облысында $730 млн сомасына қуаты 1 000 МВт болатын, энергия жинақтау жүйесі бар жел электр стансасын салу туралы (ҚР Энергетика министрлігі мен «Turan Wind Energy» ЖШС арасында);

  • $249,6 млн сомасына Қазақстанның автомобиль жолдарында интеллектуалды бақылау жүйесін (АЖИБЖ) құру туралы (ҚР Көлік министрлігі мен «Freedom Lab» ЖШС арасында);

  • Ақтөбе қаласында $150 млн сомасына шыны ыдыс өндіретін зауыт салу туралы (ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo компаниясы арасында).

Меморандумдар:

  • $1 млрд сомасына 20 өңірлік инклюзивті мектептен тұратын желі салу жобасын жүзеге асыру туралы (ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «DSKZ & KAMC» ЖШС арасында);

  • $1 млрд сомасына Құрық портының дамуының бірінші кезеңі аясында көпфункционалды терминал салу туралы («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ мен Guoyou Materials Group Co., Ltd. арасында);

  • $650 млн сомасына «Қазақстанның халықаралық медициналық қаласы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы («KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Shoval Kazakhstan Ltd. арасында);

  • $500 млн сомасына ДӨО алқабының аумағында қуаты 250 МВт болатын дата-орталық салу туралы (ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Amsa Digital компаниясы арасында);

  • $111,1 млн сомасына ет кластерін құру туралы (Түркістан облысының әкімдігі мен «Nurym Group» ЖШС арасында);

  • Астанада $40,8 млн сомасына британдық білім беру моделі бойынша жатақханасы бар университет кампусын салу және пайдалану туралы (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Coventry University Kazakhstan арасында);

  • $8,8 млн сомасына полипропилен қаптар мен биг-бэгтер өндіретін зауыт салу туралы (Қызылорда облысының әкімдігі мен Apex Packaging компаниясы арасында) және басқа да құжаттар бар.

Сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдігі мен «KOKSAN» ЖШС арасында $74,3 млн сомасына ПЭТ-преформалар өндіретін және пластикті қайта өңдейтін зауыт салу жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды.

Әлеуметтік-экономикалық және индустриялық жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК» ЖШС бас директоры Вели Динчел, Aksa Energy компаниясының бас директоры Наджи Агбал, «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС бас директоры Сунь Пэнчэн, «KamLitKZ» ЖШС бас директоры Алексей Котов, «Saran Machinery» ЖШС бас директоры Станислав Ли; «Fabe Agro» ЖШС басқарма төрағасы Ахмед Будан, Emirates Kazakhstan Education Investment Group өкілі Руслан Жұмагұлов; Carlsberg Central Asia президенті әрі Орталық Азия өңірінің басшысы Вячеслав Мальцев; SABIS өңірлік директоры Рами Малак; Ardingly Astana халықаралық білім беру мекемесінің басшысы Даррен Джонс; TEXOL компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава; Network School негізін қалаушы әрі бас директоры Баладжи Шринивасан марапаттарға ие болды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымкент #инвестиция #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Алматы қаласында «Береке Fest» республикалық акциясы өтуде

Бүгін 12:39

ТІЛ – БІЛІМ МЕН ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ

Бүгін 12:29

Бизнес пен мемлекет: Алматыда білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жүйелі мәселелер қалай шешімін тауып келеді?

Бүгін 12:25

Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді

Бүгін 12:23

ҚазҰУ мен Су ресурстары министрлігі әріптестікті арттырады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);