Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Ashyq көшбасшылары COVID-19-бен күресуге...

Алматының Ashyq көшбасшылары COVID-19-бен күресуге көмектесуде 

Әлеумет 11.08.2021, 13:15 1,470
Алматының Ashyq көшбасшылары COVID-19-бен күресуге көмектесуде 
almaty-akshamy.kz

  
Forum сауда-ойын -сауық орталығы Ashyq жобасының көшбасшысы болып танылды. СОСО заңгері Наталья Степанова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде жүйенің артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 


29 маусымнан бастап Forum СОСО-ға Ashyq қосымшасын сканерлегеннен кейін ғана кіруге болады. Кіреберісте қауіпсіздік қызметі келушілерден жүйеде олардың мәртебесін тексеруді сұрайды немесе өздері тексереді. Айта кетсек, Алматыда бұл жүйе барлық сауда нүктелеріне белсенді түрде енгізілуде, осылайша кәсіпкерлер инфекцияның таралуына қарсы күресті қолдауда. 
 
Forum СОСО заңгерінің айтуынша, олар локдаунды енгізбеу үшін Ashyq жүйесімен жұмыс жасауда. 



«Біздің СОСО бірінші болып Ashyq аясындағы жұмыс алгоритмін қолдануға қызығушылығын пен дайындығын білдірді. Біздің кәсіпкерлер СОСО коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары адамдар көп жиналатын орын екенін түсінеді. Сондықтан біз бутиктеріміздің, фудкорттар мен басқа да сауда орындарының қауіпсіз жұмыс істеуін қолдаймыз», - дейді Н. Степанова. 



Заңгердің айтуынша, Forum СОСО жаңа міндеттерге түсіністікпен қараған күзет қызметінің жауапты жұмысының арқасында Ashyq көшбасшысы болды. 
 
Сонымен қатар, Forum СОСО-ның 100 қызметкерінің 95-і коронавирусқа қарсы екпе алды. Сауда орталығындағы егу пункті 12 сәуірде ашылды, содан бері қала тұрғындары арасында танымал. СОСО-да вакциналанғандар арасында бірнеше рет бағалы сыйлықтар ойнатылды. 
 
Атап өтсек, Алматы қаласы әкімдігінің сайтында Ashyq жүйесінің жауапсыз қатысушыларының да, 153 жоба көшбасшыларының тізімі де жарияланды. Оң бағаланғандардың арасында - «Аллюр авто» ЖШС, «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «Кинопарк Студент», «Достық Синема», «Алматы Су» және тағы басқалары бар.
 
Еске салсақ, қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияның тағы 1 493 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 5 474 адам бар, оның ішінде 216 бала. АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтары 11 908 науқасты үйлерінде бақылауда. 
 
Эпидемиологтар тұрғындарды вакциналануға шақырады. Бүгінде Алматыда 787 494 адамға вакцинаның бірінші компонентті салынды. Ал, бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #заңгер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі