Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алмалы ауданында автобустар саны 23%-ға...

Алматының Алмалы ауданында автобустар саны 23%-ға көбейді

Әлеумет 29.08.2024, 11:09 1,761
Алматының Алмалы ауданында автобустар саны 23%-ға көбейді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алмалы ауданында жыл соңына дейін 47 мың шаршы метр жол төсемі жөнделеді

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы жол инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жұмыстарына тоқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мегаполис басшысы бүгінгі таңда ауданда ағымдағы жөндеу аясында 25 мың шаршы метр жол төсемі жөнделгенін, ал биылғы жоспар - 47 мың шаршы метр екенін хабарлады.

«Қазірдің өзінде 2,3 км тротуар жабдықталып, 2 км арық желісі салынды, қазан айының соңына дейін тағы 6,9 км арық қамтылады. Сондай-ақ, өткен айда 14 көшеде 12,5 км жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айының соңына дейін Исаев көшесінде ұзындығы 1,2 км жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталады», - деді Ерболат Досаев. 

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыруға тоқталған Алматы әкімі биыл жылжымалы құрам 101 автобусқа, 327-ден 428 бірлікке көбейіп, 24 маршрутта жаңартылғанын айтты.

Жалпы, Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтті. Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электрлі автобус және 112 троллейбус сатып алынады. Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды. Қазіргі уақытта қаланың троллейбус паркі толығымен жаңартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #автобустар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика