Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтам...

Алматының 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіледі

Әлеумет 18.08.2021, 07:36 1,223
Алматының 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіледі
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Данияр Қырықбаевтың айтуынша, бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жандардың кезегінде 30 880 азамат тұр. Оның ішінде: 1 908 – жетім балалар; 3 268 – көп балалы отбасылар; 11 292 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері; 14 412 – халықтың әлеуметтік осал топтары.



«Жыл басынан бері 1 909 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 41 адам коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алды, яғни жалдамалы, сатып алу құқығынсыз, 1117 - «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 13 миллиард 500 млн теңгеге жуық, тағы 85 адам - «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша (2-10- 20) 118 млн 400 мың теңгеге және 666 адам «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша (5-10-25) 8 миллиард 800 миллион теңге сомасында», - деді Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы. 



Данияр Қырықбаевтың айтуынша, биыл 6 047 алматылықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде 1 451 адам жалдамалы баспанаға сатып алу құқығынсыз көше алады, кезекте тұрған 401 адамға пәтер сатып алу құқығынсыз жалға (185 - көп балалы отбасылар; 216 - халықтың әлеуметтік осал топтары) беріледі. Жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастар үшін 1 050 пәтер сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілді, 35 жасқа дейінгі «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша - 1 000 пәтер .




«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шаңырақ», «Бақытты отбасы», «Несиелік тұрғын үй» жеңілдік несиелік бағдарламалары бойынша бастапқы төлем үшін номиналы 1 миллион теңгені құрайтын 2 000 қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын беру туралы шешім қабылданды», - деді Данияр Қырықбаев.



Тұрғын үй сертификаты жетім балаларға, көп балалы отбасыларға, мүгедек баласы бар отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге беріледі. Айта кетерлігі, 2 шілдеден 17 тамыз аралығында 127 өтінім қабылданып, мақұлданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрғынүй #Қырықбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика