ffin.kz

Алматылықтарға жылу желілеріне сынақ жүргізу орындарында көліктерін қоймау туралы ескертілді

Алматылықтарға жылу желілеріне сынақ жүргізу орындарында көліктерін қоймау туралы ескертілді Сурет:NUR.KZ

Себебі, қауіпсіздік шараларына қарамастан, судың жол бетіне шығуы, жол жабынының бұзылуы сияқты жағдайлар болуы мүмкін.


Мұндай жағдайларда өз бетіңізше іс-қимыл жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на қоңырау шалыңыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«2022 жылдың 31 тамызынан 9 қыркүйегіне дейін сағат 04.00-ден таңғы 07.00-ге дейін жүргізілетін жылу желілерін гидравликалық сынау кезінде Алматы қаласының 8 ауданының аумағында қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтауды және оларды өткізу орындарында автокөліктерді тұраққа қоюдан уақытша бас тартуды ұсынамыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жол бетіне ағуы, жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлардың орын алуы жоққа шығарылмайды», - делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС таратқан ақпаратта.



Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай іс-қимыл жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на мына телефондар 378-06-48 (қосымша 1014), 378-06-62 (қосымша 1013) немесе 109 арқылы хабарлаңыз.


Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша):


31 тамыз


Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Шағабутдинов – Қожамқұлов – Тимирязев - Розыбақиев.


31 тамыз және 1 қыркүйек


Әуезов, Алмалы және Алатау аудандары: Төле би – Райымбек – Яссауи – Емцов.


31 тамыздан 9 қыркүйекке дейін


Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев -Чайковский;


Алмалы және Жетісу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов - Абылай хан - Бөгенбай батыр – Мұратбаев - Есентай өзені - Мақатаева;


Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов –Жангелдин – Иссыкская – Райымбек – Куратов – Коперник - Гоголь;


Алмалы және Бостандық аудандары: Қазыбек би – Панфилов - Сәтпаев-Байтұрсынов; Панфилов – Абай – Сейфуллин - Тимирязев – Есентай өзені - Гоголь өзені;


Бостандық ауданы: Асқаров - Мирас ықшам ауданы – «Алматы» шипажайы –Сайын - Әл-Фараби – Қазақфильм  ықшам ауданы – Рысқұлбеков – Каблуков –Басенов – Өтепов - Розыбақиев – Жароков – Алмагүл ықшам ауданы -Қожанов  - ҚазҰУ – Тимирязев - М.Ганди - Назарбаев;


Медеу ауданы: Тайманов - Чайкин – Достық – Меңдіқұлов - Әл - Фараби – Жолдасбекова – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы;


Бостандық ауданы: Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Эксперименттік база – Қожанов – Әл-Фараби – Алмагүл ықшам ауданы; Орбита ықшам ауданы – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов.


1 қыркүйек


Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов - БАҚ-тың оңтүстік жағы;


Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тілендиев – Варламов – Жандосов – Айманов.


1 және 2 қыркүйек


Әуезов ауданы: Абай - Рысқұлов – Яссауи – Гайдар - Үлкен Алматы өзені.


2 қыркүйек


Алатау ауданы: Мөңке би - Б.Момышұлы - Ф.Оңғасырова – Зерделі ықшам ауданы.


5 қыркүйек


Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Райымбек – Ф.Оңғасырова;


Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов -Тимирязев – Өтепов - Розыбақиев.


6 қыркүйек


Наурызбай ауданы: Проектируемая –Айтбаев – Райымбек - Алтын-Алаш.


6 және 7 қыркүйек


Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Гайдар.


7 қыркүйек


Наурызбай ауданы: Жуалы – Сәбденов - Алтын орда - Райымбек.


Алмалы және Жетісу аудандары: Мақатаев – Бөкейханов – Рысқұлов - Сейфуллин;


Әуезов ауданы: Ұлықбек – Қуанышбаев - Үлкен Алматы өзені – Рысқұлбеков - Сайын.


7 және 8 қыркүйек


Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов -  Алтынсарин - Яссауи.


8 қыркүйек


Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов - Н.Данченко;


Алмалы ауданы: Ш.Шөкин - Қарасай батыр - Үлкен Алматы өзені – Емцов - Райымбек.


9 қыркүйек


Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Розыбақиев – Райымбек - Шәріпов; Қарасай батыр – Гайдар – Райымбек - Масанчи;


Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов - Сейфуллин көшелері және Ботаническая көшесі.



«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Кешірім сұраймыз және Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністікпен қарауды сұраймыз!» - деп толықтырды компания.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31