Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылықтарға балалардың жолдағы қауіпсіздігі тур...

Алматылықтарға балалардың жолдағы қауіпсіздігі туралы ескертті

Барлығы 19.02.2025, 14:19 984
Алматылықтарға балалардың жолдағы қауіпсіздігі туралы ескертті
Сурет: Алматы облысының полициясы

Бұл іске ата-аналар, білім беру мекемелері мен қоғам белсенді атсалысып жатыр.

Полиция алматылықтарға балалардың жолдағы қауіпсіздігі туралы ескертті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке cілтеме жасап.

Алматы қаласында балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары алаңдатарлық жағдайға жетті. Өткен жылы қала көшелерінде 1 511 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 1 641 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды, өкінішке қарай, төрт бала ажал құшты. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін Алматыда полиция жол қауіпсіздігіне қатысты алдын алу шараларын күшейтуде.

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі көптеген факторларға байланысты. Соның ішінде қауіпсіз инфрақұрылым маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз кешенді тәсілді ұстанамыз. Полиция бөлімшелері жол-көлік желісін зерттеп, қажетті өзгерістер енгізуге ұсыныстар береді. Өткен жылы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 300-ден астам ұйғарым жіберілді. Біздің аудан бойынша өткен жылы балалардың қатысуымен 341 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай бір бала көз жұмып, тағы 370-і жарақат алды. Бұл – тек бір отбасының қайғысы емес, бүкіл қоғамға ортақ ауыртпалық. Жол қателікті кешірмейді. Сондықтан балаларыңыздың қауіпсіздігіне мұқият болыңыздар», – дейді Алатау аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Шыңғыс Нұрахметов.

Полиция өкілдерінің айтуынша, "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен тұрақты кездесулер өткізіп келеді. Соның бірінде полицейлер №152 жалпы білім беретін мектепте құқықтық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Кездесу барысында балаларға жол қозғалысы ережелері түсіндіріліп, сұрақ-жауап өткізіліп, арнайы иллюстрациялық буклеттер таратылды. Сондай-ақ "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына қызметтік көлік көрсетіліп, оның жұмыс істеу принциптері таныстырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Алматы #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

“Наурыз қазақтың мейрамы емес”. Полиция діни алауыздық тудырған ер адамға қылмыстық іс қозғады

Бүгін 16:06

Зеңгірге құлаш сермеген…

Бүгін 15:13

Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: ол 5 жылға сотталды

Бүгін 15:07

Мұздатылған өнімдер экологияға қалай әсер етеді?

Бүгін 14:48

Алматыда өңірлік Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика