Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық зейнеткерлер әлемді бағындыруда

Алматылық зейнеткерлер әлемді бағындыруда

Әлеумет 14.08.2024, 09:33 1,150
Алматылық зейнеткерлер әлемді бағындыруда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Италия, Түркия, Қырғызстан: алматылық зейнеткерлер халықаралық байқауларды бағындырып жатыр

 

Алматыда зейнет жасындағы адамдар мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру, олардың физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Орталықта йога, айкуне, скандинавиялық серуендеу және ЕДШ жаттығулары өтеді. Зейнеткерлерге геронтолог, кинезиолог-психолог, заңгерлер кеңес береді. Сондай-ақ, би, вокал, қазақ және ағылшын тілдері, шахмат, тоғызқұмалақ, бейнелеу өнері, хэндмейд, IT сауаттылық, гарден-терапия, жадты нығайту техникасы және т.б. дәрістерге қатысады.

Орталықтардың құрылуы егде жастағы азаматтарға қоғам өмірінің түрлі саласына атсалысуға, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Жаздың бірінші жартысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылды, орталықтың шығармашылық ұжымдары халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанды.

«Dancing Queens» би ансамблі «Astana smart dance» халықаралық би байқауына қатысып, Астанада Бас жүлде алды.

«Алматы әжелері» жас модельдер тобы Қырғызстандағы халықаралық этно-фестивальде 1-орын иеленді. Этностильдегі жарқын киімдер, талғампаз жастағы әйелдердің дефилесі, алматылық әжелер көрсеткен ұлттық әшекейлер көрермендердің көңілінен шықты. Биыл топтың құрылғанын бір жыл болды. Осы уақыт ішінде «Алматы әжелері» 26 рет өнер көрсетті. Жас модельдері Италиядағы халықаралық сән апталығына қатысты, Түркиядағы этнофестивальге қатысты.

«Айналайын асыл әже» ансамблі Ташкенттегі халықаралық өнер фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.

 

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қалай кіруге болады

Алматы қаласының әрбір зейнеткері (61+ әйел және 63+ ер адам) «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ және оның бөлімшесіне жүгіне алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және зейнетақы куәлігіңіз болуы қажет. Тіркеу, сабақ пен кеңес беру төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

·        Қалалық БҰӨСО: Мәуленов көшесі, 46а

·        Медеу ауданы БҰӨСО КММ бөлімшесі: Төле би көшесі, 24 б.

·        Бостандық ауданы БҰӨСО КММ бөлімшесі: Сейфуллин даңғылы, 597

·        Бостандық ауданы, Балуан Шолақ БҰӨСО КММ бөлімшесі: Абай даңғылы, 44

Сонымен қатар, Алматыда барлығы 15 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бар, оның ішінде 11 аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы үкіметтік емес ұйымдар базасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы тіркеуге болады.

 

Белсенді ұзақ өмір сүрудің аудандық орталықтары:

·                    Алмалы ауданы: Желтоқсан көшесі, 29

·                    Әуезов ауданы: Тастақ-1 ш/а., 3 үй

·                    Әуезов ауданы: Аманжол, 12а

·                    Алатау ауданы: Атлетикалық ауылы, Нұркент-5 ш/а., 22 корпус

·                    Бостандық ауданы: Шүкенов көшесі, 66а

·                    Жетісу ауданы: Айнабұлақ-2 ш/а., 32/2

·                    Жетісу ауданы: Кемел ш/а., Есімхан, 127 а

·                    Медеу ауданы: Жангелдин көшесі, 31

·                    Медеу ауданы: Думан ш/а., Болашақ көшесі, 12

·                    Наурызбай ауданы: Қалқаман-2 ш/а., Әшімов көшесі, 299

·                    Түрксіб ауданы: Поддубный көшесі, 65

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зейнеткер #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Бүгін 17:01

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика