конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық тұтынушыларға 721 млн теңгеден астам ақш...

Алматылық тұтынушыларға 721 млн теңгеден астам ақша қайтарылды

Барлығы 24.12.2025, 15:26 873
Алматылық тұтынушыларға 721 млн теңгеден астам ақша қайтарылды
Сурет: Qazaqstan.tv

Биыл Алматыдағы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардан түскен 15,1 мыңнан астам өтінішті қарап, тұтынушыларға қайтарылған қаражаттың жалпы сомасы 721,7 млн теңгеден асып түсті. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жылдың қорытындысына арналған брифингте  Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев хабарлады.

Спикердің айтуынша, Департамент жұмысының негізгі бағытының бірі – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда саласындағы мемлекеттік бақылау, сондай-ақ халықты кеңес беріп, құқықтық ағарту болып қала береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында шамамен 300 әкімшілік жаза қолданылған. Ең жиі кездесетін заң бұзушылық – тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту, тұтынушылардың шағымына уақытылы жауап бермеу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырып жіберу екен.

Өтініштердің негізгі бөлігі бөлшек және электрондық сауда саласына тиесілі. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша Департамент қаладағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Білім беру, медициналық қызметтер мен көпшілік тамақтанатын салалардан көбіне тауарлар мен қызметтердің сапасы туралы тұтынушыларды жаңылыстыруға байланысты өтініш түседі.  

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға қалыптастыруына бақылау жүргізуге ерекше көңіл бөлініп отыр.

«2025 жылы қалада делдалдықты тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның 24 отырысы өткізілді. Нәтижесінде 523 құқықбұзушылық анықталып, жойылды, 485 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұлар халық үшін өнімнің түпкілікті құнын төмендетуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдиев.

Сонымен қатар Департамент қаладағы қоғамдық ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтастық орната отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтары мен кәсіпкерлердің міндетін жан-жақты  түсіндіретін жұмыстарды да үзбей жүргізіп келеді.

Спикердің айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінен кейін алматылықтардың құқықтық сауаттылығы артып, жауапсыз кәсіпкерлік қызметке бақылауды одан әрі күшейту түсу қажет деген тоқтамға келген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Спорт күніне орай спорт саласы өкілдерін марапаттау жалғасуда

Бүгін 20:50

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Бүгін 20:44

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Бүгін 16:34

Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Бүгін 15:21

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті

Бүгін 14:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);